Қазақстандық интернет провайдерлер бір айда 20 млрд теңгеге жуық табыс тапты
Қазақстандық интернет провайдерлер бір айда 20 млрд теңгеге жуық табыс тапты

2018 жылдың қаңтарында байланыс операторларының табысы 60 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап. 

2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 4,4% артық. Ал, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері үшін 2,3 млрд теңге (13,6% төмен), жергілікті телефон байланысына 3,3 млрд теңге (6,3%-ға төмен) тиесілі. Интернет желісімен қамтамасыз ету 19,7 млрд теңгені (өсім 5,9%) және ұялы байланыс қызметтері 18,3 млрд теңгені (0,9% артық) құрады.

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес кеңжолақты интернетке (32,9%) және ұялы байланысқа (30,6%) тиесілі. Басқа телекоммуникация қызметтері кірістердің 17,7%-ын құрады, ал жергілікті телефон байланысы қызметтері 5,6%, кабельдік инфрақұрылымды және сымсыз желілерді тарату қызметтері 4,8% болды.

Жылдың басында тіркелген телефон абоненттерінің саны 3,6 млн, ұялы байланыс 26,6 миллионға жетті. Ал, интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттері 14 млн бірлікті, тіркелген интернет абоненттері 2,6 млн бірлікті құрады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
6 жыл бұрын 2691
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167