“Былтырғы күзден бастап жұмысты тұрып істейміз. Бұл тәжірибені Жапонияда іс-сапармен жүргенде көрген едік”, – дейді қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев желідегі парақшасында.
“Жапондардың айтуынша, бұл тәжірибе нәтижелі жұмыс істеуге кепіл. Ол факт. Адам тұрып жұмыс істегенде миы жақсы жұмыс істейді. Жапондарда бұл орынды үнемдеудің де бір түрі. Олар 8 сағат тұрып жұмыс істегенде 2 есе көп нәтиже көрсетеді. Былтыр Жапонияға барғанда түсірген видеоны көріңіздер. Олардың басшылары да тұрып жұмыс істейді”, – деп жазады ол.
Айтуынша, жапондардың компания қызметкерлері еденді де өздері жуады. Президенті дәліздің еденін жуады. Бұл бір біріне деген құрметтен туған.
“Біз осылайша жұмыс тәртібіне көштік. Бірақ еден жумаймыз. Кеше кеңсеге кірдім де, осы жайлы неге жазбасқа деп ойладым”, – дейді кәсіпкер.
stan.kz