Қазақстанға денсаулық саласындағы жаңа мемлекеттік менеджерлері қажет
Қазақстанға денсаулық саласындағы жаңа мемлекеттік менеджерлері қажет

Шектелген тосқауыл шеңберінде ғана ойлау емес, жылдам ойлау.

Осыдан біраз уақыт бұрын денсаулық сақтаудағы менеджмент ұғымы клиниканы басқарумен ғана байланысты болатын. Алайда, медицинадағы технологияның күрт жоғарылауымен бұндай көзқарас ескірді. Бүгінгі таңда клиниканы басқару - бұл жақсы директор, әкімші, логист деңгейінде.

Бүгінгі таңда пациентке арналған қызметтер кешенін басқару қажет. Қызметтер технологияға негізделген. Технологиялар сапа мен күрделі инвестициялар бойынша, яғни салынған $1 қайтарымы бойынша ұтысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл доллар коммерциялық және бюджеттік те болуы мүмкін: әлеуметтік мемлекет болашақта сау және қанағаттанған халық тұрғысында пайда көру үшін медицина инфрақұрылымы мен дәрігерлердің біліміне бюджет қаражатын жұмсайды.

Кешегі күні біз операциялық менеджерлердің жетілмеген пулын қалыптастырумен айналысқан болсақ, бүгінгі салалар тоғысында күрделі жобаларды басқару бойынша кеңейтілген құзыретттілігі бар менеджерлердің уақыты келді: цифрландыру, АИ, биотехнология және басқалар. Технологиялық жобаларды іске асыру күнделікті тәжірибеге айналуы тиіс. Ал жаңа технологияларды елге әкелу және оларды енгізу мүмкіндігі менеджерлердің түсіну деңгейіне байланысты. Бірінші кезекте - тіркеу, технологияларды клиникалық практикаға жіберу, ТМККК/МӘМС пакеттеріне және клиникалық хаттамаларға енгізу, тарифтерді бекіту процестерін бақылайтын мемлекеттік менеджерлерге қатысты. Мемлекеттік денсаулық сақтау менеджерлері шектелген тосқауыл шеңберінде ғана ойлау деңгейінен жылдам ойлау мен технологиялық прогрестің катализаторына ауысуы керек. Өйткені, экономиканың капитал сыйымдылығы болып табылатын елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі технологияларды әкелу жылдамдығына байланысты.

Екі нақты мысал келтіре кетейік.

LAMP атты ПТР дәлдік деңгейіндегі вирусты диагностикалау технологиясы бар, сондай-ақ ол әлдеқайда аз капиталды салымдарды қажет етеді. Технологияны жылдам әкеліп жеткізген жағдайда, сондай шығындармен-ақ COVID-19 тестілеуімен қамтуды 10 есеге арттыруға болатын еді.

Тағы бір нақты мысал - сұйық оттегі, оның бағасы мен сапасы бойынша ұтымдылығы біздің алдыңғы мақалада сипатталған.

Жаңа технологияларды сұрыптау, жобаларды құрылымдау – бұл денсаулық сақтауды дамыту процесі болып табылады. Бір ғана нақты қойылған технологиялар трансфертінің арқасында саладағы үлкен үнемділікке қол жеткізуге болады, сонымен бірге медициналық көмектің сапасы мен қамтылуын арттыруға болады. Біз үшін іргелі зерттеулер мен ҒЗТКЖ-н шетелдік R&D-орталықтары жүргізіп қойған, олар сынақтан өткізіліп, коммерцияландырылды, оңтайлы бизнес-модельдер әзірленді. Тек әкімшілік тұрғыдан технологияларға жол ашып, жеке инвесторлармен тәуекелдерді бөлу туралы келісу ғана қалады.

Айта кету керек, технологиялық прогресс өңірлердің шынайы жағдайына сай келеді және ауылдық жерлерде денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуды жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, мобильді ПТР шешімдерін енгізу шалғай аудандарда COVID-19 диагностикасын қамтамасыз етуге ықпал ететін еді.

Ескірген технологиялармен басқару әдістерін ұстанып қалған луддист-басқарушылар ғылыми-техникалық прогрестің апологеттеріне жол береді деп үміттенеміз, ал кадрлық ресурстарға жауап беретін медициналық университеттер денсаулық сақтау менеджерлерін оқыту бағдарламаларын түбегейлі қайта қалыптастырады деген сенімдеміз.

Али Нургожаев, Med Invest First бас директоры

Сәкен Рүстемов, Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының атқарушы директоры

forbes.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 жыл бұрын 1838
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167