Қазақстанның теңіздегі əскерінің бүгінгі күш-қуаты қандай
Қазақстанның теңіздегі əскерінің бүгінгі күш-қуаты қандай

Білекті де жүректі сарбаздар барда елдің шебі қашанда берік. Ал армия əлеуеті күшті әскери техникамен жарақтанса жауынгерлік қабілет шыңдала түспек. Тəуелсіздіктің таңы атқан алғашқы жылдары ҚР Президенті- ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған əскерлердің бірі Əскери-теңіз күштері. Биыл 17 тамызда аталмыш əскердің құрылғанына 25 жыл толады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сұхбат берген ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Əскери-теңіз базасы командирінің орынбасары-Ақтау гарнизоны бастығының орынбасары майор Арман Бектұрғанов теңіздегі күштердің маңызы мен ерекшелігі, бүгінгі күш-қуаты жөнінде айтып берді.

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÑеңÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ ÉÑкеÑÑнÑÒ£ бүгÑÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ñ-ÒÑаÑÑ Òандай

 

- Арман Қуандықұлы, алдымен, сізді жəне сіздің ұжымыңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Əскери-теңіз күштері Қазақ елінің егемендігімен бірге құрылған əскер. Осы күнге дейінгі жарақтану, даму кезеңдерін айтып берсеңіз.

- Иə, Қазақстанда Құрлық әскерлері мен Əуе қорғанысы күштері Кеңес одағы кезеңінде де болған. Қазақстан әскери-теңіз күштері 1993 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылып, Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты жанынан арнайы бөлімше ашылды. Кейіннен Ақтауда әскери-теңіз базасы жасақталды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Теңіз бөліміне қосылды. Ал 2003 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Әскери-теңіз күштері ҚР Қарулы Күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты. Елбасымыз 2010 жылы Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысына Жауынгерлік Туды табыстады.

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÑеңÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ ÉÑкеÑÑнÑÒ£ бүгÑÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ñ-ÒÑаÑÑ Òандай

 

- Теңіздегі əскердің жалпы міндеті қандай жəне қандай да бір жеке тапсырмаларды орындай ма?

Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттік шекараны, порттық аймақты, сулы аудандарды қорғауды және күзетуді жүзеге асырады. Міндеттеріне: суасты-диверсияға қарсы қорғаныс жүргізу; құрлықтағы әскерлердің қимылын теңізден қамтамасыз ету; теңіз десантын түсіруге жағдай жасау; әскерлер мен материалдық құралдарды тасымалдау; теңіз миналарын орналастыру; халықаралық келісімдерге сәйкес бірлесе қорғану тапсырмаларын Каспий жағалауы мемлекеттерінің Əскери-теңіз күштерімен бірге орындау; мұнай құйылған және басқа да азаматтық кемелерді шығарып салу; теңізде жүру қауіпсіздігін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына табиғатты қорғау және бақылау міндеттерін орындау, сондай-ақ, теңіздегі апат немесе экологиялық апаттың зардабын жою барысында көмек көрсету жатады. Негізгі міндетіміз осы. Егер басшылықтан қандай да бір тапсырма болса, əрине, орындаймыз.

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÑеңÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ ÉÑкеÑÑнÑÒ£ бүгÑÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ñ-ÒÑаÑÑ Òандай

 

- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің базасы Ақтау қаласында орналасқан. Оның құрамы қандай жəне қанша сарбаз бар?

- Иә, негізі әскери базамыз Ақтау қаласында. Оның құрамында əртекті кемелер, дивизион, жас мамандарды дайындайтын теңіз-оқу орталығы, гидрографиялық қызмет жəне қамтамасыз ету батальоны кіреді. Шамамен, 3 мыңға жуық сарбаз бар.

- Әскери-теңіз күштерінің қару-жарақпен қамтылуы туралы айтқанда бірден кемелер ойға келеді. Қолданыста қандай кемелер бар? Жəне олардың арасында мүмкіндігі жоғары, қуатты, заманға сай жарақталғандары бар ма?

- Әскери-теңіз күштерінің қатарында «Қазақстан» зымыранды артиллериялық кемесі, «Орал» зымыранды артиллериялық кемесі, «Сарыарқа» зымыранды артиллериялық кемесі, «Маңғыстау» зымыранды артиллериялық кемесі, «Алатау» мино тралдық кемесі, «Жайық» гидрографиялық кемесі, «Өжет» оқу кемесі бар. Қазір соңғы уақытта Оралдағы «Зенит» зауытынан жасалынған кемелер алынуда. Себебі, Кеңес одағында бұл зауыт әскери-теңіз бағытындағы өнімдерді шығарумен айналысқан еді. Сондай-ақ, Каспий теңізіне шығатын жолы бар. Болшақта арнайы техникалар, яғни, теңіз катерлері мен әскери кемелері тағы да алынады. Ал бірегей жарақталған, заманауи кемелерге тоқталар болсам, Ресейде жасалып, Балтық және Каспий теңізінде сынақтан өткізілген «Алатау» мина-тартқыш кораблі бар. Ол тайыз және терең суда да жүзе береді. Теңіздің асты мен үстіндегі минаны анықтауға қауқарлы. Бұл еліміздің Қарулы Күштеріндегі мұндай үлгідегі жалғыз әрі алғашқы кеме. Сол себепті экипаж мүшелері де қайта дайындықтан өткен, су көлігінің техникалық сипаттамасымен танысқан. Сондай-ақ, «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблін айтып өтуге болады. Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған. Ерекшелігі: қару-жарақ жаңартылып, суасты диверсиялық қауіп-қатерлерді, жауынгерлік жүзушілерді анықтауға және олармен күресуге арналған құралдар орнатылған. Сонымен қатар, экипаждың тұру жағдайын жақсарту бойынша кемеде қызмет етіп жүрген әскери теңізшілердің ұсыныстары ескерілді.

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÑеңÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ ÉÑкеÑÑнÑÒ£ бүгÑÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ñ-ÒÑаÑÑ Òандай

 

- Теңіздегі əскерге түскен сарбаздарға не үйретесіздер?

- Əр кемеде 28-30 әскери қызметші жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін тек офицер мамандары даярланса, қазіргі кезде жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтар да енгізілген, яғни офицерлер академиялық білім алып, біліктілігін жетілдіретін мүмкіндікке ие. Оқыту бағыты ұлғайды. Егер бұрын тек, Ресей федерациясына әскери мамандар даярланса, қазір Германиядан, Түркиядан, Əзербайжаннан, Оңтүстік Корея, Қытайдан білімін жетілдірген жас офицерлер келеді. Офицерлермен өміршеңдік үшін «Оймаша» полигонында, яхта клубта және оқу-жаттықтыру станцияларында теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ ÑеңÑÐ·Ð´ÐµÐ³Ñ ÉÑкеÑÑнÑÒ£ бүгÑÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ñ-ÒÑаÑÑ Òандай

 

- Сіздерде сарбаздарды іріктеу талабы қатаң шығар? Араларында теңізден қорқатындар болады ма?

- Əскери-теңіз күштеріне іріктеуді арнайы медициналық комиссия жүргізеді жəне психологиялық зерттеу өткіземіз. Содан кейін әскери қызметшілер дене даярлығын, әскери-теңіз ісін білу бойынша сынақ тапсырады. Соның қорытындысы нәтижесінде қызметке алынады. Кемемен теңізге алғаш шыққан уақытта қатты толқын болған кезде əскери қызметшілер арасында «теңіз» болады. Оны жеңу жолы, тек сол уақытта шыдау. Одан шыдап өткен сарбаздар келесі жолы ауырмайды.

- Теңізге шығатын күндер жиі болады ма, әлде жұмыс уақыттарыңыз əдетте құрлықта өте ме?

- Алғашқы қалыптастыру жылдарында әскери теңізшілер теңізде жылына 10-20 тәулік болса, қазір олар 150-160 тәулік болады. Жиі боламыз деп айта аламын. Əр 15 күнге бір кеме. Жауынгерлік кезекшілікте бір кеме тұрады. Ол теңізден шықпайды. Сонымен бірге, оқу-жаттығу өткізіледі.

- Өзге елдермен тәжірибе алмасу қалай өтеді?  

- Ресеймен, Қытаймен жиі тәжірибе алмасып тұрамыз. Біздің әскерилер Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы РФ Әскери-теңіз флоты Əскери оқу-ғылыми орталығы шетелдік әскери қызметшілерді дайындау орталығының базасында теориялық дайындықтан өтеді. Сондай-ақ, кемелер Нева өзені мен Балтық теңізінің Фин шығанағында тәжірибеден өтеді.

- Қазақстанның Əскери-теңіз күштері мақтана алатын жетістіктерді атасаңыз.

- Су үсті кемелері экипажы мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий» халықаралық байқауына жыл сайын қатысамыз. Оған Ресей, Əзербайжан, Иран мемлекеттері қатысады. Біздің әскери-теңіз күштеріміз 1-ші және 2-ші орын алып келеді. Биыл «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемеміз Әзербайжанда өтетін «Теңіз кубогы-2018» атты байқауға қатысады. Соған дайындалып жатырмыз. Айта кетерлігі, үстіміздегі жылы 17 тамызда əскери-теңіз күштерінің құрылғанына 25 жыл толады. Соны жоғары көлемде атап өтпек жоспарымыз бар. Қазір дайындық үстіндеміз. - Сұхбаттасқаныңызға рахмет!


Әйгерім Ашықбаева

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 3417
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167