Қытай 60 сағат тоқтамай ұшатын ұшқышсыз ұшақ шығарды
Қытай 60 сағат тоқтамай ұшатын ұшқышсыз ұшақ шығарды

Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясы 14 шілде күні Rainbow-CH-5 (кемпірқосақ 5) ұшқышсыз қозғалатын ұшақты сәтті ұшырды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған ұшақ заманауи әскери барлау және шабуылдау техникаларымен жабдықталған және 10 мың метр биіктікте 60 сағат бойы ұша алады. Мұнымен қатар, оның 1 тонна жүкті алып ұшуға мүмкіндігі бар.

CASC арнайы өкілінің айтуынша, CH-5 ұшқышсыз ұшақ жоғары техменологиялы кара мен барлау құрылғыларымен жарақтандырылған. Ол қоршаған ортаны қорғау, өрттен сақтану және теңіз байлықтарын барлау бағыттарында қолданылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Rainbow –  CH-5 ұшқышсыз ұшағы 2016 жылы Қытайда өткен Авиация және ғарыштық көрмесінде таныстырылған еді.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2647
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167