Қытай да, Ресей де қауіпті... Нақты, конкретно несімен қауіпті?!
Қытай да, Ресей де қауіпті... Нақты, конкретно несімен қауіпті?!

Мемлекеттер арасында мəңгі достық пен мəңгі одақтастық болмайды ау. Сондықтан біздің екі көршіміз - Қытай да, Ресей де бізге қауыпты. Бүгінгі таңда Қытай да, Ресей де экономикалық дағдарыс тауқыметтерін агрессия арқылы шешкісі келеді. Сондықтан Ресей Украинаға, ал Қытай Вьетнамға жəне басқа мемлекеттерге соқтықты.

Қытай толық нарықтық экономикаға өтпесе хроникалық дағдарыстан шыға алмайды. Бара келе бүгінгі жағдай сақтала берсе Қытай қызыл коммуно-авторитаризм экономикасын дағдарысқа тікелей апарады. Коммунистік идеология классикалық нарыққа жол бермейді. Ал классикалық нарықтық экономикалардың өзінде де циклдық дағадарыстан ауқын-ауқын өтіп тұрады. Бірақ классикалық нарықтық қатынастар мен буржуазиялық құқық жүйе орныққан елдерде əр циклдық дағдарыстан нарықтық экономика айығып, оңалып, күшейіп шығады.

Сонымен Қытай мен Ресей -көршілеріне қауіпті мемлекеттер. Себебі олар кемел капитализм мен нарыққа жетпеген. Сондықтан аталған екі мемлекет ішкі дағдарыстар мен халық нарызылығын канализациялау жолын əскери агрессия, көршілерін жаулау арқылы шешкісі келеді. Кезінде Қытай Вьетнамға шабуыл жасап тойтарыс алған. Ресей Украинаға агрессиясы да сол сипатта, түбі Ресейде сəтсіздікке ұшырайды.

Біріккен Европа мен АҚШ экономикалық санкция жолымен Ресейді буындырып тұншықтырмақ. Украина Қырым жартыаралынан айырылып, Луганск пен Донецк облыстарына Ресей ланкестерін жіберіп алды. Бірақ бұдан ары агрессияға көнгісі жоқ. Украина Біріккен Европа мен АҚШ-қа сүйеніп отырып, Ресеймен ұзақ уақытқа созылатын əскери -саяси теке тіреске түспек. Түбі Ресей Украинадан аннексияланған территорияларды қайтаруға мəжбір болады. Украинаға мың да бір рахмет. Украина Ресейдің агрессивтік аранын тежеп отыр. Ресей соңғы алты жылдық экономикалық рецессиядан шыға алған жоқ. Енді міне коронавирус қосымша соққы болмақ.

Қазақстанға тек Біріккен Европа (Европалық Одақ ) пен АҚШ-НАТО əскери-саяси бірлестік егемендігімізге кепілдік бола алады. Сондықтан Қазақстан евразиялық мемлекет ретінде Европалық Одақ пен НАТО-дан пана таба алармыз. Бірақ Ресей мен Қытай бізді ол ұйымға жіберу ойы жоқ, ол бір жағынан, ал Европалық Одақ, екінші жағынан демократиялық стандарт деп тым қиын талап қоймақ. Бірақ егеменді Қазақстанға Батыстық вектор ең маңызды. Батысқа бет алу біз үшін экономикалық, əлеуметтік, саяси прогресске жету жолы. Сонымен Европалық Одақ пен НАТО мүшелігіне жету Біз үшін түпкі мақсат.

Қазақстанның капитализміне құқықтық кепілдік пен саяси демократия жетпей тұр. Егерде Президент Тоқаев уəде берген демократиялық үрдіс жүзеге асса, экономикамыз қосымша импульс алмақ. Классикалық капитализм құқықтық жəне саяси демократиясыз алға жылжымайды. Бұл капиталдың заңды сипаттағы даму ерекшілігі.

Қазақ саны тəуір өсіп келеді - жылына 265 мыңға. Қазақ иммиграциясы - оралмандар ағымы, соның ішінде Қытай мен Өзбекстаннан келушілер үлесі қомақты. Бірақ Қытай оралман қазақтың келуін азайтты. Қорыта айтсақ, қазаққа ешбір мемлекетпен аса достаспай, не жауласпай, соғыспай экономикамыз бен қазағымызды өсіру керекпіз.

Əзімбай Ғали

Abai.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 жыл бұрын 1969
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167