Қытай экономикалық тұрақтылығының құпиясы
Қытай экономикалық тұрақтылығының құпиясы

Қытай экономикасы тағы да кері болжамдарды бұрыс деп шығарды. Алты жыл қатарынан төмендегеннен кейін, ЖІӨ-нің 2017 жылы шамалы өсуі байқалғандай. Жақында ғана жарияланғандай, екінші тоқсандағы 6,9% жылдық өсім 2016 жылы болған 6,7%-дан артық, және бірнеше ай бұрын биылғы жылы өсім 6,5%-ға жақындап, 2018 жылы одан әрі баяулай отырып, 6%-ға дейін жетеді деген халықаралық талдаушылардың ортақ болжамынан біршама жоғары.

Мен бұрыннан бері ЖІӨ-нің тақырыбына тым көңіл бөлу Қытай экономикасының дамуына қатысты негізгі терең мәселелерді назардан тыс қалуына апарады деп айтып келемін. Себебі қазір қытай экономикасы ерекше құрылымдық трансформациядан өтіп жатыр — өндіріске негізделген өндіруші моделінің орнын күшті қызметтерді басшылыққа алған тұтынушы моделі басып жатыр.

ЖІӨ құрамының инвестиция мен экспорттан түскен қарқынды табыстан, оған қарағанда баяуырақ өсетін ішкі тұтынуға қарай өзгеруін ескерсек, ЖІӨ-нің жалпы өсімінің баяулауы сөзсіз орын алатын және қажетті жәйт екені анық болып тұр. Қытай экономикасының осал жерлерін осы тұрғыдан қарастыру керек.

Бұл пікірталастың ұзақ тарихы бар. Мен оның бастамасын бірінші рет 90-шы жылдардың соңында, Азиялық қаржы дағдарысы кезінде байқағанмын. Тайланд пен Индонезия, Оңтүстік Корея және Тайваньнан кейін келесі Қытай болады деп саналды. 1998 жылғы қазан айындағы The Economist журналының басты бетіндегі қытай қалашығын күшті су иірімінің тартып бара жатқан суреті осы кең тараған пікірді айқын көрсетті.

Бірақ бұл шындықтан мүлдем алыс болды. Бүкіл вирустық облыс аймағының дағдарыс шаңы бәсеңдегенде, қытай экономикасы тек сәл шайқалды. ЖІӨ-нің нақты өсуі 1998-1999 жылдары 7,7% -ға дейін сәл баяулап, кейінгі онжылдықта 10,3% дейін өсті.

Ұлы қаржы дағдарысы кезіндегі Қытайдың тұрақтылығы да көрнекті болды. 1930-шы жылдардан бергі ең ауыр құлдыраудың ортасында, Қытай экономикасы 2008-2009 жылдары орташа жылдық көрсеткіші 9,4% деңгейінде болып өсе түсті. Дағдарысқа дейін үш жыл ішінде болған, тұрақсыз және тым өскелең 12,7 пайыздан төмен болғанымен бұл деңгей 1980 жылдан кейінгі 30-жылдық кезеңдегі 10% -ға тең үрдістен біраз ғана төмен болды. Шынында да, соңғы дағдарыста Қытайдың тұрақтылығы болмаса, 2009 жылы әлемдік ЖІӨ 0,1% -ға төмендемей, 1,3% -ға құлдырайтын еді және бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі жаһандық белсенділіктің ең күрт құлдырауы болар еді.

Қытай экономикасына қатысты пессимизмнің соңғы үрдісі жылжымайтын мүлік нарығының қысқаруы және борыш салмағының жеңілдеуі — негізінен, жапондыққа ұқсас тоқырауға бағытталған. Тағы да, Батыс назары нақты емес. Жапония секілді, Қытай да жинақтарының жоғары деңгейі бар ел және өскелең қарызы өзіне берген өз қарызы болып тұр. Алайда, егер бірдеңе болса, Қытайда тұрақтылық проблемаларының алдын алуға жасалған Жапонияға қарағанда мықтырақ қолдау жастығы бар.

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, Қытайдың ұлттық жинақ қоры 2017 жылы ЖІӨ-нің 45 пайызын құрап, Жапонияның 28 пайыздық жинақ мөлшерінен жоғары болады. Жапонияның жалпы мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 239 пайызын құраса да, ол мемлекеттік борыштық дағдарысын болдырмады; ал әлдеқайда үлкен жинақ қоры бар және мемлекеттік борыштық ауыртпалығы аздау (ЖІӨ-нің 49% -ы) Қытай мұндай қиындықтарға тап болмас.

Әрине, Қытайда корпорациялардың өскелең қарыз мәселесі бар — қаржылық емес борыштың ЖІӨ-ге қатысты коэффициенті 2016 жылдың аяғында ЖІӨ-нің 157% -ына тең болған (2008 жылдың аяғында 102% болған). Бұл алдағы жылдары өсіп келе жатқан борыштың негізгі бөлігі шоғырланған мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау ең маңызды мәселе болатынын білдіреді.

Сонымен қатар, қытайлық жылжымайтын мүлік нарығына қатысты алаңдауға себептер жеткілікті. Өйткені, саны артып келе жатқан орташа классқа қолжетімді тұрғын үй қажет. Қытай халқының қалада тұратын тұрғындар үлесінің 1980 жылы 20% -дан 2016 жылы 56% -ға өсуі (2030 жылға қарай 70% -ға дейін өсуі мүмкін) бұл мәселеге де аса назар аударуды талап етеді.

Бірақ бұл бір жағынан, Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығының басқа толықтай урбанизацияланған ірі экономикаларға қарағанда сұраныс жағынан үлкен қолдауға ие болатынын көрсетеді, себебі қалалық тұрғындар саны келесі 10-15 жылда жылына 1-2%-ға өсуі ықтимал. 2005 жылдан бері Қытайда үй бағалары шамамен 50% -ға өсті, бұл жаһандық нормадан шамамен бес есе көп (Халықаралық есептер банкі мен ХВҚ-ның шығаратын ғаламдық тұрғын үйиндекстеріне сәйкес), және бұл тұрғыда қолжетімділіктің басты мәселе болуы орынды. Қытай үшін басты қиындық урбанизациядан пайда болған сұраныс талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті тұрғын үй санын қамтамасыз ету, және шамадан тыс алыпсатарлық пен қауіпті нарық көпіршіктеріне жол бермеу болып табылады.

Сонымен қатар, қытай экономикасы 2017 жылдың басынан бері циклдік тұрақтылықтың күшті көздерінен қолдау алуда. Жылдық экспорт деңгейінің 11,3% -ға өсуі маусым айында байқалды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп, себебі ол кезде дағдарыстан кейінгі әлем экономикасының әлсіз даму кері әсерін тигізген. Осылайша, 2017 жылдың бірінші тоқсанында бөлшек саудадағы жылдық өсім 10%-ға тең болып (инфляцияны ескергенде), ол ЖІӨ-нің 6,9%-ға тең өсу қарқынынан 45% -ға көбірек болды. Бұл үй шаруашылықтар табыстарының айтарлықтай өсуін және электронды коммерцияның әлдеқайда қуатты (және, мүмкін жетерліктей болжамданбаса да) болғанын білдіреді.

Пессимистер ұзақ уақыт бойы Қытай экономикасын өздерінің экономикаларына тең көргендіктен, көп жылдар бұрын Йель тарихшысы Джонатан Спенс айтып өткен классикалық қатені қайталап отыр. Жапония мен АҚШ активтер нарықтарында жарылған көпіршіктер Қытайда да бірдей қауіп тудырады деп санайтындар да көпшілік. Сол сияқты, Қытайдың жуырдағы қарызды өсіру арқылы жеткен экономикалық өсімі басқа елдерде орын алған салдары да болады деп күтілуде.

Болжам жасаушыларға Қытайды дағдарыстан тозып қалған елдермен салыстырмай отыру қиынға соғып жатыр. Бірақ бұл тәсіл бұрын сәтсіз болған және бүгінгі күні де қате болып шықты.

Автор туралы: Стивен Роач —  Йель университетінің қызметкері және Morgan Stanley Asia бұрынғы төрағасы, Теңгерімсіздік: Америка мен Қытайдың ортақ тәуелділігі кітабының авторы.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған
 
7kun.kz
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2522
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167