Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде тұратын малшы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі урбанизация және өнеркәсіп саласының қарқын алуына байланысты өзгеріп барады.
Тянь-Шань тауларындағы ауылда 300-ге жуық қазақ отбасы тұрады. Олар мал өсіріп, көшпелі салтты сақтап қалған. Ақсақалдар болашақта көшпелі тұрмыс салтын ұстанатын адамдар қалмайды деп қауіптенеді, өйткені мал бағылатын жайылымдық жерлер азайып, жастар жағы қалаға кете бастаған.