Қытайда тұрғын үй ішінен пойыз өтеді (ВИДЕО)
Қытайда тұрғын үй ішінен пойыз өтеді (ВИДЕО)

Заманның дамығаны соншалық, бүгінгі күні адамдар артық қимылды қажет етпейді. Жұмыстың бәрін істеп беретін дап-дайын роботтар пайда болды. Кітпаханаларға бармасақ та, үйде отырып ғаламтор желілерінен керек ақпаратымызды таба аламыз. Ыдыс дейсің бе, кір дейсің бе, бәрін тап-тұйнақтай етіп жуып беретін автоматты машиналар бар. Бәрі оңай. Алайда, соның өзі жеткіліксіз секілді. Артық қадамдарсыз-ақ діттеген жеріңізге жеткіңіз келетін шығар. Онда Қытай сіз үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі, Қытайда үйіңізден аттап шықпай-ақ жұмысыңызға жетіп алуыңызға болады. Қытайдың Чунцин қаласында пойыз ғимараттың ішінен өтеді екен. Жеңіл рельсті жолаушылар пойызы 19 қабатты тұрғын үйдің 6-8-қабаттарынан өтеді. Яғни, тұрғындар ғимараттан шықпай, пойызға отырып кете алады. 

 

Чунцин - Қытайдың оңтүстік шығысында орналасқан мегаполис. Онда 49 млн халық тұрады.

 

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2727
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167