Үкіметтің адам хұқығын шектейтін заңына қарсы шыққан Қытайдағы 400 қазақ студенті жоғалып кетті. Radio Free Asiaның хабарлауына қарағанда, қытай билігі мұсылман студенттерге шошқа етінен жасалған тамақ жеуді міндеттейтін заң шығарған. Қазақ студенттері осыған қарсы шығып, митинг ұйымдастырыпты онда. Кейін 400 студент із-түссіз кетіп, ата-аналары балаларын іздеп жатыр екен. Оларды террористерге арналған лагерге апарып қамауы мүмкін деген болжам бар. Қазір осы оқиғаға байланысты Шыңжанның Қаба аймағында коменданттық сағат жарияланып, әскерилер мен полиция ол жерді түгел қоршауға алыпты. Қаба ауданына басқа адамдардың кіріп- шығуына тыйым салынған.
Тəуелсіз журналистер клубы