Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты (видео)
Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты (видео)

Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану

Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Зерттеу жұмысының жүргізілу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына сандық куәлік берілді. Аталған кесте «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.

Қызылорда қаласы И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінде білім алатын жас өреннің бұл жаңалығы «Зерде» республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Нәтижесінде аталмыш байқауда Гран-при иегері атанды.

«Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану болып табылады. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», – деді Ғабиден Төлебайұлы.

Айта кетейік, білім бәсекесінде 600-ге жуық қатысушының арасынан дара шыққан қызылордалық оқушының бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула ретінде енгізіліп отыр.

 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
1 жыл бұрын 1923
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167