Қызықты жаңалықтар: Америкалық «селфи таяқшаның» соңына түсті (видео)
Қызықты жаңалықтар: Америкалық «селфи таяқшаның» соңына түсті (видео)

Ғаламторда "Buddy Bolton" атты пайдаланушының ролигі көп қаралуда. Видеода селфи таяқшаға шабуыл жасау сәті көрсетілген, оны үлкен бақша қайшысымен бөліп тастайды. Суретке түсіп жатқан Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтары осы әрекеттің құрбаны болуда. Видео авторының айтуынша, «селфи таяқша» адамдардың қоғамдық өмірге араласуын азайтатын көрінеді, ол осылайша мәселені шешіп жүрмін деп мәлімдеді. Алайда, ол видеодағы адамдардың барлығы таяқшасының қирап қалуына көңілдері тола бермейтінін мойындайды. Сонда да, "Buddy Bolton" осы әрекетін Американың басқа да қалаларында жалғастырмақ ойы бар. 

Шапшаң велосипедші байкерлерді басып озды (видео)

Калифорнияда мотоцикл мінген бір топ байкер күре жолда өздерін басып озған велосипетшіні көргенде таңданбасқа шаралары қалмады. Мотоциклшілер сағатына  шамамен 65  шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Содан да болар, оларға арындап келе жатқан көлікке жол беруге тура келген. Топтың соңында келе жатқан, осы көріністі түсірген видео авторы  сигнал беріп, оның басып озуына бөгет болған әріптестерінің назарын аудартуға тура келді. 

Қытайда 116 экскаватор көпірді екі түнде бұзып бітірді (видео)

Қытайдың Наньчан қаласындағы бетон көпірді 116 экскаватор жұмылдырып бұзып тастады. Осындай видеоны CCTV+ телеарнасы жария етті. Цянси провинциясы астанасының билігі 24 жылдық эстакаданы жаңа метро бағытын салу үшін бұздырған. Жұмыс 26 тамызда түнге қарай 22:30-да басталған. Көпірдің көп бөлігі бірінші түнде бұзылды. Ал қалған бөлігі 28 тамызды аяқталды. Жұмыс 56 сағатқа созылған. Сол уақытта көлік қозғалысы тоқтатылған. 

Баскетболшы-акробаттар жүріп келе жатқан пойыз үстінде ойын өрнегін видеоға түсірді

Словенияның 50 адамнан жасақталған Dunking Dragons командасы  акробатиялық баскетболға мамандану үстінде. "TJ" ақпарат көзінің хабарлауынша, қыркүйек айының басында оның қатысушылары өздерінің Бохиньск темір жолының 110 жылдығына арналған (Bohinj Railway) жаңа әрі ерекше қызықты видеоларын түсірді. Авторлардың сөздеріне қарағанда, олар  бұл жолды Еуропадағы ең әдемі альпі жолы деп есептейді. Өз трюктерін «айдаһарлар» жүріп келе жатқан пойыз үстінде жасады.    

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2685
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167