Шамадан тыс жұмыс істейтін жапондар қаланың кез келген жерінде ұйықтап жатады (фото)
Шамадан тыс жұмыс істейтін жапондар қаланың кез келген жерінде ұйықтап жатады (фото)

Еңбекқор жапондар жұмысты шамадан тыс істейтіндері соншалық оларды көшеден немесе қоғамдық орындарда ұйықтап жатқан жерінен көптеп кездестіруге болады.

sleepingjapan06

Осы ретте британдық фотограф Эдриан Сторидің Токиода түсірген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

sleepingjapan01

Метрода, сәкіде, тіпті көше ортасында сұлап жатқан адамдарды бір қарағанда үй-күйсіз қалған біреу екен деп қалуыңыз әбден мүмкін. Алайда, үстіндегі киімінің дұрыстығына, қолындағы сөмкесіне қарап ондай ойдан дереу айнып қаларыңыз анық. Мұның бар себебі – жапондардың 12 сағат жұмыс істеуі.

sleepingjapan02

Фотограф кешке қарай қаланың көп жерлерінде тұрғындардың ұйықтайтынын байқаған соң осы уақытта арнайы суретке түсіру үшін көшеге шығады екен.

sleepingjapan03

Ел арасында метро мен сатыларда, бақтарда, көшенің қақ ортасында, тротуарда, бизнес орталықтарында ұйықтап жататын адамдарды көру қалыпты жағдайға айналған.

sleepingjapan04

Күншығыс елінің өте еңбекқор халық екені барша мәлім. Олар дамыған технология, өндіріс саласымен озық келеді. Алайда, ол үшін халық аянбай-талмай жұмыс істеп, үйіне қайтуға шамасы қалмағанша осылай еңбек етеді.

sleepingjapan05

sleepingjapan08

sleepingjapan09

sleepingjapan10 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 3008
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167