ШҚО-да ел бойынша алғаш рет шопанға ескерткіш қойылды
ШҚО-да ел бойынша алғаш рет шопанға ескерткіш қойылды
Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында Омбы-Майқапшағай жолы бойында шопанға арналған ескерткіш қойылды.

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Мүсінді салуда автор Шопан атаның образын негізге алған.

«Бұл бастаманы ата-аналары шабан болған Бесқарағай ауданынан шыққан елордалық меценаттар да қолдай кетті. Алдағы уақытта ескерткіш аумағын кеңейтеміз деп жоспарлап отырмыз. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске асады», – дейді аудан әкімі Ерболат Рахметуллин.

Ескерткіш мүсін қолында қозы ұстап тұрған, жанында қой отары жайылып жүрген кейіпте қашалған. Ескерткіште «Ұлы даланың еңбекқорларына тағзым» деген жазба бар.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
10 жыл бұрын 4021
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167