1980 жыл. Америка Құрама Штаттары. Нью-Йорк қаласы. Әлемнің ең тәртіпсіз, ең лас елді-мекені. Бұл қалада күніне 1 500-ге жуық ауыр қылмыс жасалып, қаншама адам өлімі тіркелетін. Көшеде бейсауыт жүру, әсіресе кешкі уақытта серуендеу тым қауіпті болды. Қылмыскерлер ордасы болған мекенде қандай тазалық болсын? Нью-Йорк көшелері бей-берекет тасталған қоқыс пен үйлердің, ғимараттардың қабырғаларына салынған шимай-шатпақтан көзсүрінерлік еді. Алайда осы бейбастақтық бір сәтте сап тыйылады. Неге? Оның бар сыры «Сынған әйнек» теориясының жүзеге асуында жатыр.
Адам санасына қоғам әсер етеді
Әуелі «Сынған әйнек» теориясын түсіндіріп өтейік. Бұл ұғымды алғаш енгізген Канадалық әлеуметтанушы Малкольм Гладуэлл болды. Ол өзінің «Переломный момент» кітабында былай дейді: «Сынған әйнек» Уилсон мен Келлинг атты қос криминалисттің ойлап тапқан әдісі. Егер ғимараттың бір әйнегі сынық болса және оны орнына келтіру туралы ой ешкімнің басына келмесе, онда жұрттың бәрі оны солай болуы керек деп қабылдайды. Ешкім «Бұл неге сынық» деп бас ауыртып жатпайды. Қайта өтіп жатқан мың сан адамның кейбірі әлгі тесікті ұлғайтып, басқа әйнектерді де сындырып кетуі мүмкін. Бір бұзақылықтың жазасыз қалуы басқаларды бұзақылық жасауға итермелейді. Осылайша қарапайым ғана бұзақылықтың арты үлкен қылмыстардың орын алып келуіне соқтырады.
Сөзін дәлелдеу үшін Гладуэлл бірнеше әлеуметтік зерттеулер де жүргізіп шыққан. Оның ойынша адам қылмысқа қаны бұзық болған соң немесе тәрбие көрмеген соң бармайды. Оның теріс әрекетке баруына айналасы ықпал етеді. Қалай дейсіз ғой? Мысалы міне.
Нидерландттық бір әлеумет танушы маманы дүкен ауласындағы велотұрақта тұрған велосипеттерге жарнама қағазын жапсырып кетеді. Артынша жерге бірнеше қағазды шашып тастайды. Ал дәл сол тұрақтың жанында қоқыс жәшігі орнатылған болатын. Арада біраз уақыт өткен соң, дүкеннен шыққан жұрт велосипетке жапсырылған қағазды және шашылып жатқан қағаздарды көріп, қолындағын жерге тастай салады. Тек бірен-саран адамдар ғана жарнама қағазын қоқыс жәшігіне тастаған.
Келесі күні әлгі маман дәл осы әрекетін қайталайды. Бірақ бұл жолы жерге ешқандай қағазды тастамай, артық қалғандарын қоқыс жәшігіне апарып салады. Бұл жолы жұрт әлгі жарнама қағаздарын қоқысқа апарып тастайды.
Демек бұл адамдардың санасына айналасы әсер етеді деген сөз. Бірінші күні шашылып жатқан қағазды көрген жұрт қолындағысын тастай салуды әбестік деп санамады. Қайта солай болуы керек деп ойлады. Себебі жер онсыз да шашылып жатыр. Ал екінші күні айналаның мұнтаздай таза болуын көрген соң, қоқыс жәшігіне тастау туралы ойға келді.
Граффити — бұл жүйенің құлау символы
Нью-Йорк қаласына қайта оралайық. Сексенінші жылдардың соңына таман қаладағы ең ірі метрополитеннің басшылығы ауысады. Қызметке жаңа тағайындалған Дэвид Ганн жұмысын ең алдымен метро қабырғасына салынған түрлі суреттерді өшіруден бастайды. Оның бұл жұмысына сол кезде жұрттың басым бөлігі қарсы шығады. Себебі ұзақ жылдар бойы майлы бояумен салынып, сау тымтығы қалмаған қабырғаларды тазарту деген сөз, қыруар қаржыны желге шашумен тең болатын. Оның орнына ескірген поездарды ауыстырып, жаңасын алу тиімді көрінеді. Алайда Дэвид Ганн өзінің ойынан қайтпайы, айтқанын жасатады.
– Граффити — бұл жүйенің құлау символы. Егер біз ұйымды қайта жасақтап, мекеменің жұмысын жандандыруды ойласақ, ең алдымен граффитидің көзін құртуымыз керек. Тек сонда ғана ойлаған мақсатымызға жетеміз. Ал егер бұл шайқасында жеңіліп қалсақ, ешқандай реформа бізге көмектеспейді. Жарайды ондаған миллион доллар жұмсап, жаңа вогондар алайық. Бірақ оларды вандалдардың құрығынан аман алып қала алмасақ, ақшаны желге шашқанның көкесі сол емес пе? – деп түсіндіреді ол өзінің бастамасын.
Ганн бұйырығы бойынша әр вогон әбден жуылып, тазартылып отырды. Егер соңғы аялдамаға келген кезде қабырғасы шимайланған вогондар болса дереу жуылатын немесе жолдан шығарылатын. Қабырғасы тазартылмаған бірде-бір вогон жолға шықпайтын болды. Ганн осы арқылы вандалдарға қарсы майдан ашқанын анық көрсете білді. Әйтсе де жұрт тәртіпке бірден көне қойған жоқ. Кешкі уақытта поездардың қабырғасына сурет салып кетуге әуестенушілер де кездесіп қалып жатады.
Бірде Гарлемде орналасқан депода тұрған вогондардың қабырғасын біреу ақ боямен сызып кетеді. Ал келесі күні келіп, тағы бірнеше сызықтар салады. «Жабайы суретшілердің» вогон қабырғасына қандай да бір графити салу туралы ойлағанын сезген депо басшылығы оларға ешқандай қарсылық көрсетпей артын күтеді. Бір апта өткен соң әлгі поезд вогонының қабырғасында үлкен сурет пайда болады. Вандалдар дегеніне жетті. Әйтсе де олардың қуанышы көпке бармайды. Депо қызметкерлерді суретті бірден жуып тастайды. Келесі жолы да осылай қайталанады. Вандалдардың түнімен салып шыққан суретін таңертен теміржолшылар өшіріп тастап отырады. Бұл әрине вандалдарға ұнаған жоқ. Олардың еңбегі, бояуға жұмсаған ақшасы далаға кеткен еді. Осыдан соң барып, граффити салушылардың қатары азайып, көп ұзамай сап тыйылады. Сәйкесінше метро мен вогондарда тазалық орнайды.
Билетсіз жолаушыларды жаппай жазалау
1990 жылы транспорттық полицияның басшысы болып Уильям Браттон тағайындалады. Ол күрделі мәселелерді шешудің орнына «ұсақ-түйек» шаруалармен айналысып кетеді. Оның алдына қойған ең бірінші мақсаты, билетсіз (зайчик» жолаушыларды тұтқындау болды. Әуелде Браттонның әрекетін де келекі қылушылар көп болды. Бірақ ол осы арқылы метроның қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне толық сенімді еді. Солай болды да.
Дәл сол кезде 170 мың адам метроға билетсіз емін-еркін кіріп жүретін. Жастар жағы қойылған кедергілерді аттап немесе күшпен ішке кіріп кетіп жүрді. Бұл қарапайым тұрғындардың да назарын өзіне аударады. Біреулер тегін кіріп жүрген жерге басқалар неге ақша төлеуі керек? Осылай ша жұрттың басым бөлігі метроға ақшасыз кіруге дәнігіп алады. Әрі олардың саны күн сайын артып, жолаушы тасымалдаушы компанияның қалтасын қақты. Қандай шара қолданса да еш нәтиже шықпайды. Осымен күресу үшін Ульям Браттон кіре беріс жерге қарапайым киінген бес-он полицейді тұрғызып қояды. Олар билетсіз өтіп кеткен жолаушыларды ұстап, платформаға кісендеп қояды. Осылайша жұрттың бәрі толық кіріп болғанша билетсіз жолаушылар әлгі жерде қойша көгенделіп тұратын еді.
Кейін оларды полиция автобусына апарып, қалтасын тіндеті, саусақ іздерін алып тексереді.
– Полицейлер үшін бұл нағыз Элдорада болды. Әр ұсталған жолаушы ішіне сыйлық жасырылған поп-корн қорапшасы тәрізді еді. Біреулердің қалтасынан пышақ, келесілерінен тапанша, тағы біреулерден есірткі табылып жатты. Қару асынғандардың көбінде оны ұстауға рұқсаты жоқ болатын. Кей жолаушылар іздеуде жүрген қылмыскер болып шығады.
Осы операциядан кейін жұрт метроға ақшасын төлеп кіре бастайды. Ал қылмыскерлер болса қару-жарағын бұрынғындай асынып жүрмей үйлерінде қалтырып, сақ қимылдауға көшкен. Осылайша метро Нью-Йорктегі ең қауіпсіз жерге айналып шыға келеді.
Нью-Йорк қалай тазарды?
1994 жылы Нью-Йорк қаласының мэрі болып Рудольф Джулиан сайланады. Ол бірден Браттонды бірден қалалық полицияның басшысы етіп тағайындайды.
Уильям Браттонның келуімен қалалық полицейлердің жұмыс істеу формасы да өзгерді. Ендігі таңда полицейлер бірінші кезекте үлкен қылмыстарды емес ұсақ бұзақылықтарды тоқтатуға күш салады. Қоғамдық орында шу шығарғанда, мас болып жүргендер, қоқыс тастаушылар, жүргізушілерден жол бойына көлік қойғаны үшін ақша сұраушылар, метроға билетсіз кірушілер қатаң жазаланып отырды. Егер біреу көшеде дәрет сындыру үстінде ұсталса дереу тұтқындалып, абақтыға жабылды.
Көп ұзамай қалада қылмыс көрсеткіштері күрт төмендеп, бұрын соңды болмаған минимум дәрежеге дейін жетті. Тоқсаныншы жылдардың соңында Нью-Йорк Америкадағы ең таза әрі қауіпсіз мегаполисттердің біріне айналды.
Қала мэрі Джулиани мен полиция бастығы Браттонның айтуынша кез-келген көзге көрінбейтін ұсақ бұзақылықтың арты үлкен қылмысқа ұласады. Бұзақы тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылмаса ол оны әдетке айналдырады артынша орны толмас зардапқа соқтыратын қылмысқа барады.
Тәржімалаған: Нұрлыхан Қалқаманұлы
«Қасым» порталы
Сонда немістер не істейді, олар тараның барлық түрлерін қайта өткізеді екен. Кез-келген супермаркетте тара өткізетін аппарат бар, сол жерден чек шығарып береді, ол чекпен сол супермаркеттен қайтадан бірнарсе сатып алуға болады. Әр ыдыстан 30-40 центтен алса әжептәуір сумма жиналады, басында біз де баклашканы қоқысқа тастап жүргенбіз, сосын өткізетін болдық.
Бізде де осы сияқты ыңғайлы, тиімді жобалар болса қаламыз көркейе беретін еді.