Тамақтың калориясын есептейтін құрылғы таныстырылды (видео)
Тамақтың калориясын есептейтін құрылғы таныстырылды (видео)

Жапондықтар тамақтың калориясын есептеп шығаратын құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Panasonic корпорациясы CEATEC 2017 көрмесінің шеңберінде тамақтың калориясын өлшейтін CaloRieco құрылғысын таныстырды.

Қандай да бір астың қоректік құндылығын анықтау үшін оны құрылғының ішіне салып, қақпағын жауып, сәл күту жеткілікті.

Компания өкілдерінің айтуынша, тамақты ұсақтап бөлшектеу немесе езгілеу қажет емес, сол себепті оның сыртқы көрінісі ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

«Тамақтың құрамындағы әрбір қоспа инфрақызыл сәулелер бөледі де, ақылды құрылғы сол бойынша калорияны есептейді», - деп түсіндірген Panasonic корпорациясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Каори Манабе.

Құрылғының тамақты сканерлеп, оның салмағын, құрамын және тағамдық құндылығын талдап шығуына шамамен 10 секунд кетеді екен. Содан кейін оның нәтижесін смартфон немесе планшеттегі қосымша арқылы көруге болады.

Жүйе жұтылған калорияларды есінде сақтап, адамның бір күнгі тұтынуы қажет калориясының шамадан тыс асып кетпеуі үшін қандай азық-түлікті пайдалану қажеттігі жөнінде ұсынысын да айта алады.

Әсіресе, бұл CaloRieco құрылғысы диетада отырған адамдар мен түрлі ауруларға шалдыққандар үшін қажет дейді мамандар.

Әзірше бұл құрылғы тұжырымдама ретінде ұсынылған. Ал CaloRieco нарыққа қашан шығатыны айтылмаған.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 жыл бұрын 2821
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167