Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?
Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

Қазақстан аумағынан тыс 4 млн. 500 мыңға жуық қазақ ТМД елдерінде және әлемнің 25-тен астам елінде тұрады, алайда олардың тек 800 мыңға жуығы – диаспора, қалған 3 млн. 700 мыңы әртүрлі тарихи кезеңдерде Ресей, Қытай, Өзбекстан сияқты көршілес елдерге қосылып, Қазақстанға іргелес жатқан жерлерде тұрады.

19-шы ғасырдың соңында Қазақстанда отырықшы шаруашылығының шоғы көріне бастағантын. 1897 жылы Ресей империясының Бірінші жалпы халық санағы бойынша ондағы халық саны 4 млн. 333 мың адамды құрады және басым көпшілігі отырықшы ауыл тұрғындары еді, шамамен - 3 882 350 адам немесе 93,6%. Қазақстан халқының 6% -дан астамы 22 қалада тұрды. Қалалар негізінен шағын болды, сол кездегі ең ірі қала – Оралда 36,4 мың қазақ тұратын, Верный (Алматы) қаласында 22.7 – мың қазақ, Семейде – 20,2 мың, Петропавлда – 19,7 мың, Әулие-атада – 11,7 мың, Шым қалада – 11,2 мың, Ақмолада – 9,7 мың, Гурьев (Атырау) қаласында – 9,3 мың, Павлодарда – 7,7 мың, Перовскіде (қазіргі Қызылорда) – 5 мың, Ақтөбеде – 2,8 мың адам тұрды. Жергілікті тұрғындардың арасында қазақтардың саны аз болды, шамамен 15,4% немесе 40 мың адамға әрең жететін еді.

1917 ж. аграрлық жер тұрғынының саны – 6228,3 мың адамға көбейді, 1897 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда – 50,2% құрайды. Халық ішінде Столыпин реформасына сәйкес көшіп келген славяндықтардың жалпы саны 27,9% -ға артты. Ресейліктер – 17,5%, украиндықтар – 10,4%.

Сонымен қатар бірінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары, әскери интервенция, азамат соғысы аймақтың демографиялық даму ерекшеліктеріне әсер етпей қоймады. Ірі қара мал, нан және басқа да өнімдер халықтың өндірістік мүмкіндіктерін ескерместен күштеп тәркіленді. 1916 жылы әскери кафедра жылқыларды жаппай мәжбүрлеп жинаған болатын. Мысал үшін, Ақмола облысының тек төрт ауданында 2 млн. астам ірі қара тәркіленіп, сойылғантын.

1916 жылғы қазақ көтерілісі де қазақ демографиясының тарихында ерекше орын алады. Патшалық жазалау экспедицияларының нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалыстың ондаған мың қатысушыларымен қоса қарт, қатын, бала-шаға өлтірілді.

Содан кейін қазақтардың едәуір бөлігі Ресей империясынан тыс мемлекеттерге Қытайға, Ауғанстанға, Түркияға және т.б. қашуға мәжбүр болды.

Жетісу ауданының өзінен ғана 1916 ж. шамамен 150 мыңдай адам қашты. Ғалымдардың айтуынша, осы кезеңде қазақ эмигранттарының жалпы саны 300 мыңға жуық адамға жетіпті.

Осы оқиғалардың нәтижесінде қазақтардың жалпы өсу қарқыны күрт төмендеді. Сонымен, 1897-1917 жылдар аралығында қазақтардың саны тек 6,5% -ға өсті, санға айналдырсақ 3615,0 мың адамды құрады, ал олардың Қазақстандағы үлесі 58% -ға дейін төмендеді.

Аймақтың этникалық құрылымындағы ұлттығын ұлғайту және қазақтардың санын азайту процесі Кеңес заманында жалғасын тапты. 1920 жылы бірінші кеңестік халық санағының материалдарында ауыл шаруашылығының санағы, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бір реттік жазбаларының материалдары және 1920 жылдардың басындағы әртүрлі құжаттардың ішінде Қазақстанның сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарысы жайлы мол ақпарат бар. Шетелдік әскери интервенция мен Азаматтық соғыстың басы мен аяғында Жаңа үкіметтің елдегі бүкіл азық-түліктерді бөлу процесі ауыл шаруашылығының экономикасына теріс әсер етті. Сонымен қатар 1920 ж. егістік өнімі нашар болды, кейбір аумақтар жұтқа, ал келесі 1921 жылы қатты құрғақшылыққа ұшырады. Әсіресе, бұл көшпелі аймақтарға қатты әсер етті. Табиғи апат салдарынан республикада 2 миллион 300 мыңнан астам адам аштыққа ұшырады.

Ал америкалық тарихшы Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» атты кітабы 1931-33 ж.ж. ашаршылық оқиғасы жайлы сол жылдардың сұмдығы әлі көз алдынан кетпеген Әлжаппар ақсақалдың әңгімесінен бастайды. Кейбір деректер бойынша ашаршылық кезінде 2 млн. 200 мың адам қырылған деседі. Сол жылдары өлім-жітім мен апатты аймақтардан қоныс аударуының салдарынан Қазақстанда халық саны 892 885 адамға азайды.

Кейінгі жылдары өзге елдер мен аудандардан Қазақстанға көші-қон ағыны тоқтамады. 1922-1925 ж.ж. Ресей мен Украиндық тұрғындар ғана емес, қазақ халқы да еліміздің әр аймағынан Отанға қоныс аударды. Шығыс Түркістаннан оралған босқындар, «Жер туралы» Жарлыққа сәйкес, өз үлесін алды. Мәселен, Жетісу облысында 1920 жылы 123 мың акр. жер 10 167 қазақ және қырғыз өкілдеріне қайтарылды, ал Зайсан уезіне 1,5 мың отбасы оралды.

Бірте-бірте ірі көші-қонның кесірінен, ауыр заман мен жылдам тараған аурудың кесірінен Қазақстандағы қазақтардың саны кеміп, қазақтар алғаш рет тарихи Отандарында аз ұлтты этносқа айналды.

Е.Ю. Садовскаяның 2001 жылғы «ХХІ ғасыр тоғысындағы Қазақстандағы көші-қон: негізгі тенденциялар мен перспектива» атты кітабында «Тек 1986 жылы жалпы қазақ халқының саны славяндықтардың санымен тең болды және жылдар өте өсе бастады. 1999 жылғы санақ бойынша қазақтардың саны 7895 мың адамды немесе халықтың 53,4% -ын құрады» – деп жазылған.

Демография және көші-қон агенттігінің мәліметі бойынша, 1991-2000 жылдар аралығында республикаға 42 387 қазақ отбасысы немесе 183 652 адам келген. Оның 60% -ға жуығы ТМД елдерінен келді: Өзбекстан (62 737 адам), Түркіменстан (22 055 адам), Тәжікстан (10 476 адам), Ресей (8490 адам) және т.б.

Тарих беттерінде Қазақстан демографиясы 1991 жылдан бері эмигранттардың қайта оралуының арқасында өсті деп жазылған. Алайда дүниежүзінде Отанына оралғысы келмейтіндер мен орала алмай жатқандар да аз емес.

Wikipedia көпшілікке арналған көп тілді әмбебап интернет-энциклопедиясында сәуір айындағы жаңартылған ақпаратында Қытай халық республикасының алтыншы ресми ұлт санағы бойынша Іле-Қазақ автономды округында халық саны 2000 ж. 3 млн. 880 мың болса, 2010 ж. 2 482 592 млн. адам тұрады екен және бұл көрсеткіш баяу өсуде. Ал 2018 жылғы санағы бойынша 4 млн. 582 мың адам тіркелді. Бірақ тіркелген қазақтардың саны 2000 жылғы көрсеткіштен кейін жаңармады – 985 520 адам немесе 25,4%.

2021 жылы 29 тамызында Wikipedia-ның жаңартылған ақпараты шықты. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің 2021 жылдың басындағы жекелеген этникалық топтар бойынша Қазақстан Республикасының халқын 13 029 227 қазақ құрайтынын анықтады. Қытайдың соңғы 2010 жылғы санағы бойынша – 1,6 млн., Іле-Қазақ автономиясында - 1 223 252 млн., Чанцзи-Хуэйский – 142 925 мың, Ұрымшы қалалық округінде – 69 153, Хами округінде – 54 268, Боро-Тала-Моңғол автономиясында – 48 392, Қарамай қалалық округінде – 11 753, Баян-Гол-Моңғол автономиясында – 1321 қазақ тіркелген.

Өзбекстан: 821,2 (2021);

Қарақалпақстан: 300-400 мың;

Ташкент обл: 200-300 мың;

Ташкент: 46 000;

РФ: 647 732 (2010);

Астрахан обл: 149 415 (2010);

Орынбор обл: 120 262 (2010);

Омбы обл: 78 303 (2010);

Саратов обл: 76 007 (2010);

Волгоград обл: 46 223 (2010);

Челябинск обл: 35 297 (2010);

Түмен обл: 19 146 (2010);

Самара обл: 15 602 (2010);

Алтай Республикасы: 12 524 (2010);

Қорған обл: 11 939 (2010);

Жаңасібір обл: 10 705 (2010);

Мәскеу: 9393 (2010);

Алтай өңірі: 7979 (2010);

Қалмақ: 4948 (2010);

Моңғолстан – 120 999;

Қырғызстан – 36 706 (2021);

Шу обл: 12 800 (2015);

Бішкек: 9013;

Ыстық Көл обл: 6464;

Түрікменстан: шамамен 20 000 (2012 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша; 1995 жылы қазақтардың саны, ресми санақ бойынша 86 987 немесе халықтың 1,94% құрады. 1991-2014 жылдар аралығында Түрікменстан қазақтарының Қазақстанға оралуының жалпы саны ресми мәліметтер бойынша 65 мыңға жуық адамды құрады. Түркіменстан қазақтарының көпшілігі елден кетті);

Түркия: 10 000 (Түркиядағы қазақ қауымдастығы жетекшісінің айтуынша, Түркияда он мыңға жуық қазақ тұрады, оның ішінде екі жүзге жуық отбасы Ыстамбұлда);

Канада: 7000;

Иран: 3000-4000;

Украина: 5526;

БАӘ (Біріккен араб әмірліктері): 5000;

Чехия: 4821;

Австрия: 1685;

АҚШ: 3000-ға дейін жуық;

Белоруссия: 1355 (2009);

Германия: шамамен 1000;

Ұлбритания: шамамен 1000 (Қазір Лондонда шамамен 35-40 қазақ отбасы тұрады, ал жалпы 300-400 этникалық қазақ тіркелген. Бір кездері олар Түркиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты осында көшіп келді, сондықтан Лондонда олар өмірді жаңадан бастауға мәжбүр болды. Этникалық қазақтар біліктілігі жоқ жұмысшылар болғандықтан, бастапқыда бәрі де балаларына жақсы білім бере алмады. Кейбіреулер мейрамханалар мен асханаларда даяшы болып жұмыс істеуге мәжбүр. Тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдар да бар, мүмкін бұл түрік өнеркәсібінің әсерінен болар. Соңғы екі-үш жылда қазақ отбасынан 6-7 бала жоғары оқу орнын бітіріп үлгерді. Ұлыбританияда 1000-ға жуық қазақ отбасы тұрады).

Дегенмен, қазақтардың этникалық атауына байланысты көптеген түсініспеушіліктер бар. Батыста біз өзімізді қазақстандықпыз деп таныстырсақ, олар бізді орыс казактарымен шатастырады. Ресейдің өзінде біз бұл атауды большевиктерден (атап айтқанда, Л. Троцкийден) алдық дегенге сенетіндер көп және біз бұл атауға лайық болмасақ та, иеленіп жүрміз деген сыңай танытады.

Тіпті Быкадоров, Щерба, Савельев сынды маманданған бірқатар орыс тарихшылары «Қазан төңкерісіне» дейін де казактардың шығу тегін зерттегенмен, «казактар» этнонимі Сібір мен Орта Азия арасындағы далалық кеңістікті алып жатқан көшпелі түркі халқының өз-өзін атауынан бастау алады деген қорытындыға келді.

Содан бері 1 ғасырдан астам уақыт өтті. Бірақ бәрібір көптеген адамдар қазақтарды басқаша атау керек деп ойлайды. Жоғарыда көрсеткен Қытай халық республикасындағы қазақтар санының көрсеткіштері де бұлыңғыр. Қытай өзінің халық санына байланысты бірнеше аз ұлтты этностарды ажыратып отырмай, қазақтар мен түркітілдес халықтарды бір топқа жатқыза салуы мүмкін. Қалай дегенмен, мемлекеттің ішкі істеріне араласуға тыйым салынғандықтан, олардың жаңартылған халық санағынан бейхабармыз.

Тағы айта кетелік, талибандар Кабулды алғаннан кейін, ауған қазақтары бейберекетсіздікке ұшырап, Нұр-Сұлтаннан оларды елден шығаруын өтінді. Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда тек 200-ге жуық қазақ тұрады деп хабарлады. Бірақ Ауғанстандағы диаспора өкілдері бұл елде қазақтар әлдеқайда көп екенін айтты – деп хабарлады Azattýq Radiosý.

Сонымен қатар Қазақстан халық санағын эпидемияға байланысты 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы ресми шешім қабылдады – деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Рамазан Есмағамбет

adyrna.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 жыл бұрын 2240
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167