Ұйқы қанбағанда қалай сергек жүруге болады?
Ұйқы қанбағанда қалай сергек жүруге болады?

Сапалы ұйқы арқылы күнделікті өмірді жақсы өткіземз. Ең сапалы ұйқы 22:00 мен 2:00 аралығында екен. Егер, ұйқы қанбаса, жұмыста да енжарлық туындайды. Сергек қалыпта әр күнді әсемдеу үшін сізге келесі деректерді ұсынамыз!

Салқын сумен жуыну  

Бұл тәсіл ұйқыны ашуға, қанайналымды жақсартуға көмек береді. Егер толық жуынуға мүмкіндік болмаса, аяғыңызды салқын суға салыңыз. Хош иіс ойыңызды бір нүктеге шоғырландыруға көмектесетіндіктен иісі ұнамды сабынмен яки қоспамен жуыныңыз. 

Сұйықты көп ішіңіз  

Газсыз минералды су мен табиғи жеміс-жидек сусыны жақсы көмекке келмек. Жеміс-жидектен өз қолыңызбен сусын жасап ішсеңіз тіптен керемет.Қазірде түрлі шырынсыққыштар қолжетімді болғандықтан, залалсыздандырылған жемістерді пайдаланып үй жағдайында сусын дайындаған қолайлы.  Үлкен стақанға таза, қоспасыз су толтырып, әр 10 минут сайын 2-3 жұтым су ішіп отырыңыз. 

Таңғы ас  

«Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауына бер» деген бар.Таңғы асты барынша құнарлы етіп таңдаңыз. Сүт қосылған ботқа, жеміс-жидек жеңіз. Бірақ, тойып жемеңіз. Бұндай кездері таңғы асты тойып ішсеңіз, қайтадан төсекке құлағыңыз келіп тұрады.

Таза ауада жаяу жүріңіз

Таза ауада серуендеген өте керемет шешім. Жаяу жүріп, таза ауамен тыныстаңыз. Қалауыңызшша жаттығу жасап, көңіліңіз соққан әрекеттерге уақытыңызды арнаңыз. Сүлесоқ өткізуге өмір тым қысқа. Бастысы, осы сәтте бар болыңыз!

Oinet.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 жыл бұрын 2717
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167