Қазір Ватсапп мессенджерін пайдаланбайтын қазақ, қолданбайтын адам аз шығар. Сол ватсапп гомосексуализмді насихаттайды екен. Бұл Ресейде жауыр болған тақырыптардың бірі. Олар бұл мәселені сотқа да беріп үлгерді. Біржыныстылық дегенге түсінбей отырған шығарсыз. Смайликтер бар ғой. Солардың ішіндегі «Люди (адамдар)» деген топты, ақтарып мұқият қараңызшы. Қол ұстасқан екі ер адам мен екі әйел адамды көресіз. Міне, қараңыз...
"Apple iPhone" маркалы телефонның пернетақтасындағы смайликтер
"Samsung" маркалы телефондардың пернетақтасындағы смайликтер
Мынау Android нұсқалы Whatsapp-тың смайликтер жиынтығы
Ал, мынау iOS нұсқалы Whatsapp-тың смайликтер жиынтығы. Бәрінде де қосжынысты смайликтер бар.
Ресейдің белсенділері бұл мәселеге бей жай қарамай, кезінде Apple компаниясын сотқа берген болатын. Жалпы Америка елінде қосжыныстыларға заң шығарып қойған. Ол жақта бұндайларға үйленуге де рұқсат берген. Сондықтан, ол жақтан шығатын телефондарға мұндай смайликтер міндетті түрде қойылады деген сөз. Whatsapp қазір Марк Цукербергтің қолында. Цукерберг кезінде біржыныстылықты қолдайтынын ашық білдірген. ЛГТБ-ның туын фейсбуктегі парақшасына қысылмай-ақ іліп қойған болатын. Сондықтан, біздің қолдан келетін шара оларды сотқа беру. Тым болмағанда біржыныстылық белең алмаған елдерге келетін телефондарда әлгі смайликтердің болмауын талап ету керек.