Зейнетке шыққан қазақ әжейі ұзатылды (видео)
Зейнетке шыққан қазақ әжейі ұзатылды (видео)

WhatsApp пен Instagram қолданушылары ерекше ұзатуы тойы түсірілген видеоны бір-біріне жолдап, бөлісіп жатыр

Видеоның жер үйлердің бірінің ауласында түсірілгені көрінеді. Сондай-ақ, есіктің алдында қонақтар мен үй иелерінің ақ матаны төсеп қойғанын көруге болады. Кейіннен видеода үйден ұлттық киім киіп, орамал таққан әйел шығады. Ол туысқандарымен жылап қоштасып жатады. 

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл іс-шара Маңғыстау облысының Қарақиян ауданындағы Сенек ауылында болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі ұзатылып жатқан келіннің жасы 61-де десе, кейбіреулері оның жасы 55-те деп жатыр. Алайда ауыл әкімдігіндегілер бұл ақпаратты не растай, не жоққа шығара алмады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 жыл бұрын 2817
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167