Зинақор әйелден (жезөкше) сұқбат алдық! (видео)

Ассалаумағалейкум, ағайын! Бұл оқиға сағат түнгі 00:00-ден асқан кезде болды. Далада жаңбыр құйып тұр. Көлікте блогер досым Думан Қапасов екеуміз отырмыз. Сейфуллин көшесін 3-4 рет айналдық. Реті келер емес. Кенет көшеге қолшатыр ұстаған сүп-сүйкімді қыз шықты. Бірден тоқтадық. Іздегеніміз де осы. Терезені түсірдім. Қасыма жақындады.
— Қанша болып жатыр?
— Қаншаусыздар?
— Екеуміз
— Сағаты 5 мың
— Бір өзіңсің ба?
— Жоқ, қасымда подружкаларым бар — деді жүзінен нұры кеткен қыз. Бейшаралар, алыстан сұлу болып көріне береді екен ғой. Жанына жақындасаң түрлері ұсқынсыз екен. Сөздерін жасырын камераға түсіріп үлгере алмадым. Оның үстіне, көкейдегі сұрақтардың бәрін жаңбыр астында тұрған жезөкшеге қоя алмайтынымды түсіндім. Дала да қараңғы. Бір айналып келеміз дедік те ары қарай жүріп кеттік. Енді не істейміз?! Тағы бір айналып шығайық деп, сәл жүргеніміз сол еді аялдамада тұрған бір әйелді байқап қалдық. Тоқтадық. Көлікке жақындады. Не үшін жүргенімізді бірден айттым. Сұхбат алайық, 5-6 сөз айтып беріңізші дедік. 10 мың теңге береміз деп айттық. Келіспеді, аялдамадағы дүкенге кіріп кетті. Қайта айналып келді.  Қысқасы 1 сағат бойы айналшықтап, зорға көндірдік сұхбатқа. Ақшасын бердік.  Сөйтіп, өзі бір қонақ үйге алып барды. Қонақ үйдің алды толған көлік. Көлік ішінде біз көшеде кездестіріп, сөйлескен қыздар отыр. 1,5 теңге төлеп, бір сағатқа бір бөлме алдық. Қызметкерлер екі сүлгі алып келіп берді. Біз түсірілім жасаймызды қайдан білсін. Клиенттер екен деп ойлап қалды. Ары қарай не болғанын өздеріңіз көріп шығыңыздар…

Берік Сұлтан

oishogyr.kz

Ескерту: Бұл сұқбатта мына әйел амалдың жоғынан осы жолға түстім дейді. Бірақ, біліңіздер тығырықтан шығатын жол қашан да бар. Ар сатып ақша тапқанша өлген артық... Ал, көріңіздер онда...

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
9 жыл бұрын 8160
0 пікір
Блог туралы
0
660889 248 437 2368 167