«Instagram» – депрессияға, «Вконтакте» – жанжалға дейін жеткізеді. Неге?..
Ақпарат тарату жөнінен ғаламтор әлдеқашан алдыңғы қатарға шыққан. Тіпті, қазір жұртшылық жаңалықтармен арнайы ақпараттық порталдарға кірмей-ақ, әлеуметтік желілер арқылы танысуды әдетке айналдырды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілердің қолданылу аясы кеңейіп, қоғамдағы маңызы артып келеді. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Соңғы уақытта ақпарат құралдары да әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды дереккөз ретінде пайдалануды әдетке айналдырды. Мұның сыры неде? Ақпараттық кеңістігіміздің де әлеуметтік желілерге тәуелді болғаны ма? Әлеуметтік желі расымен де, қоғам үшін қажеттілік пе?...