«Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде Canon өзінің жаңа фотоаппаратының тұсауын кесті.
Әлемге әйгілі бренд бұл жолы өз тұтынушысына теңдессіз EOS 5 DS және 5DS R фотокамерасын ұсынды. Бұл аппараттардың басты ерекшелігі оның 50,6 мегапиксельмен түсіре алатынында. Сапалы суреттердің ауырлығына қарамастан, фотокамера сурет түсірудегі жылдамдығын жоғалтпады. Digic 6 қос процессорының көмегімен кез келген көлемдегі фото қас қағым сәтте құрылғының жадына сақталып үлгереді.
Тұсаукесерге жиналған фотографтарға тағы EOS 750D/760D жаңа фотоаппараттары да таныстырылды. Алғашқысына қарағанда бұл камералар қолжетімді. Жаңадан үйреніп жүрген кез келген азамат бұл фотоаппараттармен еркін қолдана алады. Әрі бағасы да тиімді. EOS 5 DS пен 5DS R бағасы 750 мыңның төңірегінде болса, EOS 750D/ 760D 220 мыңның маңайында сатылады. Аталған фотоаппараттар біздің нарыққа шілде айында шығады деп күтілуде.
Кездесу барысында Canon компаниясының өкілі Ференц Торок жаңа модельдің ерекшелігіне тоқталып, компанияның алдағы жоспарымен бөлісті.
Биылдан бастап біздің елде CPS (Canon Professional Services) қызмет көрсету бағдарламасы іске асты. Бағдарлама аясында сіз өз фотоаппаратыңызды компанияның техникалық мамандарына тегін қаратып, жөндей аласыз. Аталмыш қызметке тіркелу ақысыз. Бастысы сіз Canon өнімдерін қолдануыңыз қажет.