"900 мың теңгеге дейін". Қазақстанда қандай қосымша жұмыстар бар?
"900 мың теңгеге дейін". Қазақстанда қандай қосымша жұмыстар бар?

Рекрутинг сарапшылары Қазақстанның еңбек нарығына жаңа тренд келгенін айтады. Ол - қосымша жұмыс. Негізгі жұмыстан бөлек қанша табуға болады және қандай салаларда сұраныс көп? Tengrinews.kz тілшісі HeadHunter Қазақстан компаниясының ресми өкілі Салтанат Намнан сұрады.

Маманның айтуынша, халықтың қосымша табысқа деген қызығушылығы пандемия басталған кезде ерекше байқала бастаған.

"Қазақстанда қашықтан жұмыс форматының кең етек жаюы қосымша табыс табу мүмкіндігін кеңейтті. Бүгінде қосымша жұмыс істеу - еңбек нарығындағы жаңа тренд", - дейді ол. 

Салтанат қосымша жұмыспен кімдер айналысатынын айтып, оның ең танымал салаларына тоқталды.

"2022 жылдың бірінші тоқсанында біздің платформада "қосымша жұмыс" деген белгісі бар 100 мыңнан аса қазақстандықтың түйіндемесі шықты. Қазақстандықтар қосымша жұмыстан орташа есеппен алғанда 190 мың теңге тапқысы келеді. Айта кетейін, көп жағдайда қосымша жұмыспен қашықтан жұмыс істейтіндер айналысады. Қазақстанда қосымша жұмыстың ең танымал саласы - IT. 

Бүгінде елімізде 2 500-ден аса қосымша жұмыс бар. Оның 6,5 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қарастырылған. Көбіне бұл оқытушының, курьердің, call-орталық операторының және сатушының жұмысы. Сондай-ақ, стандартты емес ұсыныстар да бар, мысалы: видеоблогер-стример, сторисмейкер, комьюнити-менеджер, кофе-леди және тағы басқалары", - деді ол.

Оның сөзінше, уақытша қызметкерлерге жұмыс берушілердің өзі мұқтаж.

"2022 жылдың бірінші тоқсанында жартылай жұмыспен қамту мүмкіндігі бойынша бос жұмыс орындарының саны 53 пайызға артты. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 154 пайызға көп. Қосымша жұмыс бойынша ең көп ұсыныс Алматы, Нұр-Cұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларынан түседі", - дейді Нам.

HeadHunter Қазақстан компаниясының ресми өкілі қосымша жұмыспен ең көп жалақы алатын мамандықтарды атады.

"Жұмыс берушілер ішінара жұмыспен қамту үшін орта есеппен 160 мың теңге төлейді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны IT мамандарына ұсынады. Мәселен, мобильді қосымшаларды әзірлеуші айына 300 мыңнан 900 мың теңгеге дейін қосымша табыс алады. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері 500 мың теңге көлемінде тапса, курьерлер 200 мың мен 600 мың теңге аралығында пайда көреді", - дейді Салтанат.

 Сөз соңында маман қосымша жұмысты қайдан табуға болатынын жеткізді. 

"Қосымша жұмыс іздеушілер негізі, мамандандырылған жұмыс қызметтерін және қосымшаларын пайдаланса болады. Онда өзіңізге қажетті қосымша жұмысты табуға болады. Сонымен қатар, кейінгі жылдары әлеуметтік желілерде таратылатын хабарландырулар да тиімді болып жүр", - деді Салтанат Нам. 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 1875
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир