Кеше Пәкістанда адмзат тарихындағы ең көп адам қатысқан жаназа намазы өтті. Жаназа иесі – Ғази Мумтаз Хусайн Қадири. Орта есеппен Ғази Мумтаздың жаназа намазына 5 млн адам қатысқан.
Жаназасына соншалықты көп мұсылман әрі тәртіпті сақтаушы әскер қатысқан Ғази Мумтаз кім?
Ғази Мумтаздың оқиғасы осыдан төрт жыл бұрын орын алды. Ғази Мумтаз Пакистандағы Бенжәб ауданының әкімі Салман Тайсирдің күзетшісі болатын. Ол кезде Асия есімді пакистандың христиан әйел Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә салләм) тіл тигізіп, нәтижеде Пәкістанның «Дінге тіл тигізу» заңына сай Бенжәб түрмесіне қамауға алынады. Салман Тайсир абақты әйелге барып, әңгімелесу барысында «Дінге тіл тигізу» заңын мансұқтауға және әйелдің өлім жазасын өзгертуге күш салатынын айтады. Мұны естіген Ғази Мумтаз әкімді атып тастайды да, сол үшін қамауға алынады. Пәкістанның дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қанша күш салса да, Ғази Мумтаз бостандыққа шығарылмайды.
Кеше таңсәріде төрт жылын қамауда өткізген Ғази Мумтаз жантәсілім болып, оның жаназасына шамамен бес миллион адам қатысады.
nurotau.kz / alamatonline.com