Айдың бетінен дақ іздеп,сүттің ішінен қан іздеп,жұрттың мақтағанын даттап,даттағанын мақтап,ештеңеге қуанбай,түнеріп,күліп қоймауға тырысып отырсаңыз,айналаңыздағы адамдар сізді өмірді басқа жағынан көре білетін үлкен парасат иесі деп танып қалуы ғажап емес.Ол үшін ең басты шарт-аспан айналып жерге түсіп жатса да ештеңеге таң қалмаңыз және "өзгеше ойыңыздан"бір-екі шымшып ортаға салып қойып"осыны да түсінбейсіңдер ме"дегендей бас шайқап отырсаңыз шаруа шешіліп жатыр.Сенбесеңіз істеп көріңіз,бірақ бұл қоғамдық эксперимент,"үй жағдайында қайталмаңыздар"
Мұхтар Ниязов