Мұсылман елдерінде орналасқан біздің ғаламшарымыздағы ең көне қалалардың тізімі төмендегідей. Алеппо, 6300 жыл Сирияның халқы саны жағынан ең үлкен қаласы Алеппо ең алғаш рет біздің д.д. III мыңжылдықта көне Эбла семит мемлекетінің астанасы ретінде айтылған. Ескі қала аумағындағы базар мен белгілі Алеппо Рабаты — X ғасырдағы ортағасыр қамалымен бірге — Дүниежүзілік ЮНЕСКО мирасының тізіміне кіргізілген.
Сузы, 6200 жыл
Сузы қаласы Иранда орналасқан. Ол Иран аумағында III мыңжылдықтан бастап біздің д.д. өмір сүрген көне Элам мемлекетінің астанасы ретінде танымал болған. Элам мемлекеті құлаған соң, алдымен қала ассириялық патшалардың, кейін – парсы патшаларының резиденциясына айналған.
әл-Файюм, 6000 жыл
Мысырда орналасқан. Ніл өзені сағасының оң жағына таман Эль-Файюм орналасқан жер өз бастамасын біздің д.д. IV мыңжылдықтан бастайды.
Дамаск, 5000-6000 жыл
Сирия астанасы Дамасктің пайда болуын тарихшылар біздің д.д. III мыңжылдыққа жатқызады. Қаланың басты көрікті жерлерінің бірі VIII ғасырда салынған Омеядтықтар мешіті.
Газиантеп, 5650 жыл
Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласы шамамен біздің д.д. IV мыңжылдықта қалыптасқан. Өзінің бірнеше мыңжылдық тарихында қала мысырлықтардың, вавилондықтардың, парсылардың, гректердің, армяндардың, византиялықтардың және арабтардың қол астында болған.
Иерихон, 5000 жыл
Палестинада орналасқан. Көне қала Иерихонның тарихы осы жерден адамдардың алғашқы өмір сүрулерінің белгілері табылған біздің д.д. IX мыңжылдықта басталған. Кейбір археологтардың санауынша, Иерихон — 6000 жылдай дерліктей ел үздіксіз қоныстанған, әлемдегі қазылып алынған ең көне қала.
Бейрут, 5000 жыл
Ливан астанасы болып табылады. Қала көне кезден бастап аймақтағы мәдениет және сауда астанасы болып саналған. Бейрут - күллі Таяу Шығыстағы әртүрлі дін өкілдері - христиандар, мұсылмандар және яһудилер қоян-қолтық өмір сүріп жатқан қалалардың біріне айналды.
Muftyat.kz