Әлемнен оқшауланған Ресейге АҚШ-пен қырбай Қытай мен Иран да жонын бере бастады...
Әлемнен оқшауланған Ресейге АҚШ-пен қырбай Қытай мен Иран да жонын бере бастады...
Қытай мен Иран Ресейді нарық пен қорғаныс саласындағы серіктестіктен шеттетіп тастады.
Қытай мен Иран саяси-дипломатиялық, саяси-экономикалық, қорғаныс саласы мен мәдениет сала бойынша 20 түрлі бағытта 25 жылға ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке қол қойды. Бұл жайында INTERFAX порталы хабарлады. Ресми кездесу Иранның астанасы Тегеренда өтті. Онда Иран мен Қытайдың СІМ Джавад Зариф пен Ван И кездесіп, стратегиялық әріптестік жөніндегі құжаттарды бекітті.
Иран мен Қытайдың жақын әріптестігі Ресейдің де кәрі құрлықтағы саяси әрі әскери ықпалын құлатуға себепші болып отыр. Иран кеше ғана Ресейдің бомбалаушы ұшақтарын сатып алудан бас тартып, Қытайдың Chengdu J-10 бомбалаушы ұшағын алуға қызығушылық танытуда. Мұны Avia агенттігі хабарлады. Сонымен қатар Қытай тарапы Иранға коронавирусқа қарсы вакцинасын да сататын болды.
Осы жылы Иран санкциялардан босатылғанда Ресей Иранға өзінің бомбалаушы ұшақтарын сататын болып келіскен. Бірақ Ресейдің бұл ойы іске аспады. Ал, Иран болса Қытайдың Chengdu J-10 бомбалаушы ұшағының 36 данасын сатып алып, Қытайға өзінің мұнайын экспорттайтын болып келісті. Осы жолы бір диктатор екінші диктаторды маңына тартып, үшінші диктаторды ығыстырды.
Халықаралық саяси аренада қазір Ресейдің жақтаушысы да, мақтаушысы да жоқ, жалғыз өзі қалды. Саяси мәдениеттен маһрұм Жириновскийлерін сайратып қоюды мақтан көретін Путиннен енді Си Цзинпи мен Хасан Рухани сияқты диктаторлар да алыстап бара жатқан сияқты.
 
May be an image of 1 адам және тамақ Бекболат Қаржанның Фейсбуктегі жазбасынан
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 года назад 1968
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167