Құрылғы 3D принтерде басылып, ересектер мен балаларға ыңғайлы етіп дайындалған.
Алматыда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары маскаларды ыңғайлы етіп тағуға мүмкіндік беретін құрылғыны ұсынды деп жазады 24.kz.
Мұндай нұсқадағы маскаға әсіресе медицина мамандарының арасында сұраныс артқан. Бұған дейін олар бетпердені үздіксіз тағып жүрудің салдарынан құлақ терісінің тітіркеніп, қолайсыздық тудыратынын айтқан болатын. Құрылғы 3D принтерде басылып, ересектер мен балаларға ыңғайлы етіп дайындалды. Өйткені, бетперде резеңкесі адамның желке тұсында орналасатын бекітпеге ілініп, ыңғайсыздық туғызбайды. Оқушылар өздері ойлап тапқан бекітпенің алғашқы партиясын Алматы қалалық нөмірі 7-клиникалық ауруханаға ұсынды.