АЛТЫН-ЕМЕЛДЕ ҚҰЛАН САНЫ 3500-ДЕН АСТЫ
АЛТЫН-ЕМЕЛДЕ ҚҰЛАН САНЫ 3500-ДЕН АСТЫ

Жыл сайын ақпан айының ортасында «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген тұяқты жануарларға санақ жүргізіледі.

Биылғы санаққа комитет төрағасы Н.Қылышбаев, төраға орынбасары Д.Тұрғамбаев, сонымен қатар Жетісу облысы аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, «Зоология институты» өкілдері қатысты.

Қарақұйрық, құлан және арқарды санау үшін кемінде екі күн керек. Санақшылар жұмысты жабайы жануарлар жайылымға шығатын таңғы мезгілде бастап, атпен не автокөлікпен жүріп санайды.

Саябақ аумағына 1982 жылы Барсакелмес аралынан әкелінген 27 Түркімен құланы Жетісу өңіріне жерсініп, бүгінде олардың саны 3500-ден асқан. Ал қарақұйрық саны 5360, арқар саны 179 басты құрады. Былтырмен салыстырғанда өсім байқалады. Мұндай санақ барысында 20% ауытқушылық болуы мүмкін.

Бүгінде ұлттық парк қызметкерлері саны көбейген Түркімен құланын, басқа да ерекше қорғалатын аймақтарға жіберіп, жерсіндіруді қолға алған. Мәселен, былтыр «Іле-Балқаш» резерваты аумағына 60 бас, «Алтын дала» қорығына 4 бас құлан жіберілген. Бұл жерлерге жалпы саны 240 құлан жерсіндіру жоспарда бар.

Айта кету керек, Қызыл кітапқа енген жануарлардың көбеюіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы қорғау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы оң әсер тигізіп отыр.

Дерек көзі: nationalgeographic.kz

Фото: Ерлан Омар

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
2 года назад 1805
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167