Ақсақалдың 48 жыл бойы немен айналысқанын білген Үндістан үкіметі таңданысын жасырмады (ВИДЕО)
Ақсақалдың 48 жыл бойы немен айналысқанын білген Үндістан үкіметі таңданысын жасырмады (ВИДЕО)

Дашратха Манджхиді бүгін әлем «тау адамы» ретінде таниды. Оның ерлігі жөнінде кітаптар жазылып, фильмдер түсірілуде. 2007 жылы ер адам қайтыс болғанда оның жерлеу рәсімін Үндістан үкіметінің өзі өткізді.

Бұл ерекше адамға көзі тірісінде ешкім мән де бермеген. Тіпті, көршілері мен жақындары оны есі ауысқан деп ойлаған. Гехлор ауылында тұрған қарияның әйелі қатты сырқаттанып, ауруханаға жеткенше көз жұмады. Себебі, қалаға дейін 80 шақырым. Оған жететін төте жол жоқ. Әйелінің қазасын ауыр қабылдаған Дашратха ақсақал таудан өз қолымен жол сала бастайды. Оның бұл әрекетіне ауыл тұрғындары күле қарады. Ара-тұра ауыл тұрғындары оған тамақ алып келіп тұрды. Қалаға тікелей шығатын жолды салуға білек сыбана кіріскен Дашратха 22 жылда таудан қалаға төте жол ашады. Ол 1960 жылдан 1982 жыл аралығында өзінің жобасын іске асырған. Дегеніне жетпей қоймайтын ақсақал ені 9 метр, ұзындығы 100 метр жолды жасаған.

Мемлекет Дашратханың еңбегін тек ол қайтыс болғанда ғана еледі. 2011 жылы Дашратха қайтыс болғанына 4 жыл толғанда оның салып кеткен жолын жақсы қалыпқа келтірген. Ал Гехлор тұрғындары әлі күнге дейін оның есімін зор мақтанышпен еске алады. 


qamshy.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 2742
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167