Ауыл шаруашылығына бөлініп келген субсидияның 20 түрі қысқарады
Ауыл шаруашылығына бөлініп келген субсидияның 20 түрі қысқарады

Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, елдегі өзгерістер жайын шаруаларға түсіндірді. Бұл туралы "Хабар 24" жазды. 

Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бөлініп келген мемлекеттік субсидияның енді 20 түрі қысқарады. Одан үнемделген қаржы несие мен лизингтің үстемақысын азайтуға, фермерлердің техника мен технологияға оңтайлы қол жеткізуі үшін жұмсалмақ.

Мұндай жаңашылдық Елбасы Жолдауындағы өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге ұлғайту міндетінен туындап отыр дейді вице-премьер. Министрілік тарапынан ішкі нарықты қорғау және сыртқы сауданы ұлғайтуы бойынша бүгінде бірқатар нақты жұмыстар атқарылған. Мәселен шет мемлекеттермен арадағы ветеринариялық және фитосанитарлық талаптар жолға қойылған.

Сауд Арабиясы, Иран, Біріккен Араб әмірліктеріндегі ет өнімдеріне қойылған шектеулер алынып тасталған. Премьер-министрдің орынбасары сапар барысында Шымкент қаласында да активпен кездесу өткізіп, Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыру жайын айтты. Бұл мақсатта мегаполис шаһарда келешекте агро-индустриалды аймақ құрылмақ. Оған тартылған 20 миллиард теңге инвестицияға 40 кәсіпорын іске қосылады. Осыдан соң өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі үш жылдан соң 67,5 миллиард теңгеге жетеді деп жоспарлануда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін жыл сайын 100 млрд теңге, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің басым жобаларына қолжетімді кредит беру үшін 200 млрд бөлінетін болады. Сонда тағы 300 млрд, яғни екі есе өсіп отыр», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, Өмірзақ Шөкеев.

Қазақстанда жарнамадан қанша пайда табуға болады?

Жарнама нарығы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында компанияларға 146,2 млрд теңге табыс әкелді.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% – ға көп. Жарнамалық агенттіктер тоғыз айда 126,3 млрд теңге табыс тапты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8% – ға артық.

Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу 15 млрд теңге табыс әкелсе (өсім 8,3%), бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама ұсынуда сейлерлер 4,9 млрд теңге пайда көрді. Бұл сала бір жыл ішінде 78,9% – ға өсіп, өсудің басты драйвері болды. .

Еліміз алма экспорты бойынша әлемде 76-орында

Қазақстан алма экспорты бойынша әлемде 76-орында тұр. Бұл туралы World’s Top Exports хабарлады.

Жыл сайын әлемдік нарыққа жеткізілетін алма көлемі орташа есеппен 1,6% артып келеді.

World’s Top Exports дерегі бойынша, 2017 жылы экспорттың 40% Еуропа елдеріне тиесілі болған, 25% – азиялық экспортшылар, 13% астамын – Солтүстік Америка, 10% Латын Америкасы жеткізген. Экспорт бойынша Қытай көш бастап тұр. Аспан асты елі былтыр 1,5 млрд долларға алма сатқан. АҚШ пен Италия 900 млн доллар пайда түсірген. Алғашқы бестікті Франция мен Чили тұйықтап отыр.

Ал, ТМД елдері арасында ең үздік көрсеткіш Әзербайжанға тиесілі. Бұл мемлекет әлемдік нарыққа 29 миллион доллардың өнімін жеткізген. Бұл тізімде Беларусь, Украина, Ресей және Өзбекстан алдыңғы орындарды иеленсе, Қырғызстан алма саудасы бойынша 52-орында тұр. Еліміз бұл тізімде 76-орынға жайғасқан. Қазақстандық алмалар әлемдік экспорттың мыңнан бір үлесін ғана қамтып отыр.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
5 лет назад 2924
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир