"Азамат" сөзі әйелдерге қатысты қалай қолданылады?
"Азамат" сөзі әйелдерге қатысты қалай қолданылады?

Кейде өзіміз байқамай қолданыста қателіктерге бой алдырамыз. Назарларыңызға күнделікті өмірде шатасатын қателерді ұсынамыз. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзінің материалында. 

  • Көбісі - көбі

Осы екі сөзді талдап көрелік. Бірінші нұсқада көп+і = көбі. Ал екінші нұсқада көп+і+сі= көбісі. Байқағанымыздай, -сі жалғауы артық жалғанған. Сондықтан еш ойланбастан «көбі» деген сөзді қолданыңыз. 

  • Азамат - азаматша

Орыс тілін білетіндер үшін "род" тақырыбы таңсық емес. Ал қазақ тілінде "женский, мужской, средний род" жоқ. 

«ҚР азаматы деймін бе, азаматшасы деймін бе?» деп қыздар қауымы ойланып қалады. Дұрысы – "азамат" сөзін қолдану. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, қазақ тілінде жалпы айтылады.

Сол сияқты "төраға – төрайым" сөздерінен "төраға" деген нұсқа дұрыс. ҚР барлық құжаттарында да, заңнамасында да азамат және төраға сөздері қолданылады. 

Лауазым білдіру мағынасында "аға оқытушы, аға сержант" т.б. сөздер көп кездеседі. Бұл жерде де ер мен әйелге бірдей "аға" сөзін қолдана береміз. 

  • Жас - жыл

"Туғанына 80 жас толуына орай" vs "туғанына 80 жыл толуына орай".

Қайтқан адамның "туғанына 80 жас толуына орай" деп жатады, бұл дұрыс емес. Себебі, "жас" сөзін осы өмірде бар адамдарға қолданамыз. Сондықтан "туғанына 80 жыл толуына орай" деген дұрыс.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 года назад 2462
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167