Бірінші сыныптың математикасындағы масқара сұрақ
Бірінші сыныптың математикасындағы масқара сұрақ

Бірінші сыныпқа арналған математика пәнінде мынадай бір қызық сұрақ бар екен: "Сиыр екі мүйізі бар болғандықтан адамдарға рахмет айтты. Ешкі бір мүйізі болғандықтан адамдарға өкпелі. Не үшін?". Ал енді осының жауабын тауып көріңіз.

Бір мектептің білдей "забышы" осы сұрақтың жауабын білу үшін өзі танитын, біледі-ау деген көзі тірі адамдардың бәріне осы сұрақты қойған ғой. Не керек, Оңтүстіктен бұған нақты жауап таба алмаған соң енді Алматыда тұратын бір танысына хабарласыпты. Ол да тағы бір жерлерге хабарласып жүріп әрең дегенде жаңағы сұрақтың жауабын тауыпты. Онысы мынау екен: "Сиыр жем-шөп бергені үшін адамдарға рахмет айтады. Ал ешкі бір мүйізін сындырғаны үшін адамдарға өкпелі". Міне, "нағыз" жауап! "Қандай керемет сұрақ!".

Меніңше, дәл осы сұрақ секілділерді ойынан құрастырып жазған, оны математика пәніне енгізген данышпанды "шілия" түсіріп, кем дегенде үш күн оқытып алса дұрыс болар ма еді? Егер үш молда қатар отырып оқыса, Құдай біледі, кем дегенде екеуі сол заматта "насмерть" кетер ме екен, кім білсін...

Бақыт Құралбай

Фейсбуктегі парақшасынан

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 2659
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167