Біз Монголоид
Біз Монголоид

Моңғол зерттеушісі Баабардың осынау зерттеу сипатты жазбасын ақын Сұраған Рахметұлы қазақ тіліне тәржімалаған екен. Назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Адамзат әу баста бір заматта, бір атадан жаралған. Демек, неше мың жыл аралығында күллі әлемге бытырай тараған. Табиғат, климаттың әрқилылығына қарамастан өзіне сәйкес тіршілік құрды да. Осыған сай тысқы бейне пішімі, дене бітімі, нәсілі, кескін келбеті қалыптасты.

Айталық, Африкадан тарайтын қара нәсілділердің бірсыпырасы солтүстікке орнықты. Мұнда күн сәулесі аз түсетіндіктен адамдар «Д» дәруменінің тапшылығына шалдықса керек, сүйегі жұқарып әлжуаздана бастайды. Күн сәулесіне үйренісе келе, бара-бара адамдардың терісінің өңі ақшылдана түседі.

Тағы бір қызықты жай, Европоидтардың 25 пайызының көздері көк және жасыл түсті болған.

Адамзаттың тұңғыш үйреткен хайуандарының бірі – ешкі. Ендеше сол ешкі сүтін ішкендіктің әсерінен адамдардың көзі жасыл түске алмасқан деген аңыз бар. Бұл жаңалықты ағылшын тектанушы генетиктері біржола дәлелдеген-ді. Адамның популяциясы түрлі бітім бейнесімен көзге өзгеше көрінетіндіктен оларды баяғы бағзыдан өзара ерекшелігімен атай бастаған. Библияда (Тәурат) адам нәсіліне қарай ақ, қара, сары деп үшке бөлген. Ендеше көне Египет, Ассириялықтар өздерін «қызыл» деп қосып нәсілді төртке өрлеткен. Көнеде адамзат тұқымын нәсілдік пигментіне (лат. pigmentum) қарай өң, түсімен бөліп келсе керек.

Адамзат тұқымын һәм тек танымын ғылыми тұрғыда тұңғыш сұрыптаушы әйгілі генетик Карл Линнэй. Ол, адамды тұқым тұрғысынан төртке бөліп, физиологиялық ерекшелігімен қоса психологиялық анықтамасын да бере алды. Айталық, еуропалықты сары шашты, сангвиник (лат. sanguis) темпераментті, тарамыс бітімді, елгезек, қабылетті, жаңашыл, заңдылыққа бейім десе, азиаттарды сарғыш өңді, меланхолик темпераментті, қатал, қызғаншақ, дүниеқұмар, кең қолтық, басқаға еліктегіш келеді деп анықтама берді. Алайда бұл анықтаманы бүгінгімен салыстыруға мүлдемге келмейтін алғашқы қауымдық байлам. Линнэйден соң да адам тұқымының генетикалық қасиеттеріне түрлі пайымдар жасаушы ғалымдар көп еді. Солардың қатарында атақты биолог Кювье, Бюффон, Блюмэнбах және ұлы философ Кант бар. Керісінше неміс философы Христоф Майнэр кісі тұқымына европоид, монголоид, нигероид деген латын атауын енгізді. Ол, латынша «туа, бітім» деген мағынадағы «-оид» сөзін тіркес ретінде пайдаланды. Жалпылама биология, медицина, химия, геология, минерлогия, ұқықтану ғылымдарында латын атауы кең қолданылады. Майнэрдің тұсында 1740 жылдары Еуропалықтарда азиаттықтар туралы мардымды түсінік те қалыптаса қоймаған. Азияда оларға етене танысы – Еуразияны түгелдей иеленген Моңғолдың ұлы империясы ғана еді. Ғалым еңбегінде осыдан соң «монголоид» атауын керектенгенін айтады. Мүмкін бұл атауды жапоноид, тұңғысоид, тибетоид, вьетнамоид деп атай беруі де ғажап емес-ті. Қарапайым бір атаудың басқаға онша ықпал етпеуі де солай.

Орта мектептің 8-сыныбына арналған анатомиялық оқулықта «-оид» латын атауын «жуу» деп тәржімалаған. Сол «монголжуу», «европжуу», «нигержуу» атаулары өте дәл келтірілген. Монголоид деген атау тек Моңғол ұлтына ғана тән емес. Орталық және Оңтүстік Азия, Оңтүстік шығыс Азия, Антрактида, Америка, Тынық мұхит, Мадгаскар аралдары мен шығыс Азияның кейбір өңірлерін қамтыған байырғы тұрғындардың атауы. Монголоид немесе монголжуу нәсілдердің сырт бейне бітімі, көз жанарының кейіпі, дене пропорциясының дені бір-бірімен ұқсас келетіндігін айту ләзім.

Адам тұқымының тұңғыш нақты текгері Блюмэнбах монголоидты тура қолдағаннан кейін аталмыш атау ғылыми негіздегі аталым болып қалыптаса түсті. Блюмэнбахтан кейін де адам тұқымы тектанымына тереңдеп барған ғалымдар көп болғанымен сонау Тәураттағы ақ нәсіл – европоид, сарғыш нәсіл – монголоид, қара нәсіл – нигероид қатарлы үштік түсінік түптаған болып қалыптасты. Кейбір данышпандар адам тұқымын жүзге жуық бөлікке жеткізе зерделеген кезде оны дәлелдеу үшін популяция, генетика, социология, этно мәдениет, климат, этнология, физиология, лингвистика салаларына сүйенеді. Ғылыми негізден тыс қарадүрсін пайымдау жасайтындар да аз емес. Мысалы, монголоидты көп деректерде сарғыш нәсілге телісе, моңғолдар өзара европалықтарды сары нәсілділер деп ұғады. Европоидты ағылшынша кавказоид һәм кавказиан (caucasian) дейді. Бұл Блюмэнбахтың енжарлығына байланысты ағаттық, яғни алғашқы адам Кавказ биігінде жаратылды деген идея үстемдік еткен тұстағы байлам болуы мүмкін.

Бүгінгі бізге Кавказ десе тіптен орыстардың да ойына оралатыны грузиндер мен армян тектестер. Теледидардан берілетін кино фильмдерде «caucasian» деген сөз көрінсе оны біз «кавказдық» деп аударуға әуеспіз. Бұл тек европалық немесе ақ нәсілді деген ұғым ғана?!

Жапонияның Хакойда аралында аз қалған айнуларды монголоидтің де европоидтің де қатарына енгізуге болмайды. Себебі, олар «монголжуу»-ға ұқсас келгенімен дене бітімі (пропорция) жағынан ұзын тұрықты, құс кеуделі, жалпақ жақты болады және европоидтарға келіңкірейді. Сондай-ақ Африка өңіріндегі этоип, сомали қатарлы ұлттар қара нәсілді бола тұра кескін келбетінің, бітім болмысының пропорциясы жағынан европоидтарға тартқан. Адамның тегі, көшпелілігі, эволюциясы жөнінде де ғылыми тұрғыда соңғы нүкте әлі қойылған жоқ. Алайда адам һәм хомо сапенс түбі түгел, тегі бір сан жылдар бойы қайтпас қағидаға айналған апартейдтік расизміне соққы берілді. Әсіресе көне заманғы қураған сүйектен митохондриялық ДНК сараптамасын ала бастаған күннен бастап адамның тегі мен көшпелілігі хақындағы көптеген деректердің беті түгел ашылды. 1862 жылы ағылшын дәрігері Жон Даун бір типтік синдромды дертті медициналық тұрғыда анықтап оны «монголизм дербезі» деп атады. Мұндай дертке шалдыққандар әсіре тапал, жіпсиген көз, жалпақ бет болатын көрінеді.

1959 жылы Франциялық тек танушы Жэрол Лэжэн мұны «дерт» дегеннен гөрі типтік «синдром» деп анықтады. Себебі, бұл кісіге тиетін дерт емес. Демек, 21-ші хромосомның үш мінгес болуынан келетін туа бітті синдромы болса керек. 1961 жылы ірі 18 тек танушылар бірлесіп медициналық «The Lencet» аталатын беделді жұрналға ұсыныс хат жазу арқылы «монголизм» лақабын расистік мәндегі ғылымға жат, тіпті сәйкес келмейтін атау деп көріп, оны алғаш анықтаушы Жон Даунның есімімен «Даун синдромы» деп өзгертуді ресми түрде ұсынған. Моңғолия өкілдерінің ұсынысымен 1965 жылы Әлемдік Денсаулық Ұйымы (ӘДҰ) «монголизм» атауын жойып «Даун синдромы» деп атауға шешім қабылдады. Сонымен қатар қандай бір биология, генетика, медициналық оқулықтарға, басылым, баспасөз жұрналға жарияланған мақалаларға «монголизм» атауын енгізбеуді ескертті.

1972 жылы тұңғыш рет АҚШ-ның «Монголизм зерттеу кеңесінің» ресми атауын өзгертіп «Даун синдромын зерттеу Ұлттық комитеті» деп атағаннан кейін әлем елдерінің ұқсас ұйымдары түгелдей осы шешімді құптады. «Даун синдромы» атауын күллі кәсіптік мекемелер мен ұйымдар керектене бастағалы 50 жылға жуық уақыт өтсе де кейбір адамдардың ауызекі қолдануына әзірге жасайтын амал жоқ. Европада мерезді «француз кінараты» деп атайды. Бұл дерттің ғылми ныспы «сифилис».

Мақала таза танымдық мақсатта жазылды. Арамыздағы түрлі қаңқулар терісқақпай түсініктерді түзету пайымына байландық.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 4568
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167