Daniyar Zhigitbek: Сенім математикасы ⠀
Daniyar Zhigitbek: Сенім математикасы ⠀
Менен "бәріне сену" мен "ешкімге сенбеу"-дің қайсын таңдайсың десе, бәріне сенуді таңдар едім. Мен табиғатымнан сенгіш адаммын.
"Бірақ, бәріне сене берсең, алданып қалуың мүмкін ғой" дейтін шығарсың. Иә, келісем. Мені лақтырып кеткен, алдаған, сенімімді ақтамаған адамдар болды. Бірақ сенімімді ақтаған адал адамдар өмір жолымда одан да көбірек кезікті.
Жалпы адамдардың көбі адал ғой. Тек ортасы кері ықпалын тигізіп жатады. Олар біздің сеніп немесе сенбей тұрғанымызды сезеді. Саған сенбей тұрған адамға сен де ашылғың келмейді. Ал саған біреу сеніп тұрса, оны алдап кетсең де, іштей өзіңді жайсыз сезінесің.
Адамдарға сену сенбеуден гөрі тиімдірек екенін математикалық түрде дәлелдеп көрейін. Мен біреуге сенсем, оны бір мүмкіндік есігі деп қабылдаймын. Сенімім ақталса, +1 жетістікке жетемін. Алдансам, -1 шығынға батамын. Ал ешкімге сенбесем, мүмкіндік есігін жаптым деген сөз. Минусқа да кетпеймін, табысқа да жетпеймін. Алатыным 0 ұпай.
Өз тәжірибемнен түйгенім: адамдардың көбі сеніміңді ақтайды екен, оларға сенуге болады. Мысалы, "электронды кітабымды таратпа, ақысын төлеп ал" десем, көбі аманатқа қиянат жасамайды. Әрине, "таратпа" десе де, тарататындар, тығылып оқитындар табылады. Бірақ, ондай адамдар аз.
Шамамен есебім мынадай ғой: 100 адамның 20-сы мені алдайтын шығар, бірақ қалған 80-і — сенімді адал адамдар. Сонда 80 пайда - 20 шығын = 60! Бәрібір плюстамын, жеңімпаз боп қаламын. Ешкімге сенбесем, бұндай нәтижеге жете алмас та едім.
Мен адамдарға сенуді таңдаймын. Себебі адамдардың көбі адал. Алдануға да дайынмын. Бірақ түбі жеңімпаз боп қалатынымды білемін.
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 года назад 1975
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167