Дұшпаныңызды жеңіп, оны уысыңызда ұстатын “айна” заңы туралы біле жүріңіз
Дұшпаныңызды жеңіп, оны уысыңызда ұстатын “айна” заңы туралы біле жүріңіз

Психолог мамандар «айна» әсерін пайдаланудың бірнеше оңтайлы әдісін ұсынып жатыр. Аталған әдістердің көмегімен дұшпаныңызды жеңіп, қалаған адамыңызды уысыңызда ұстай аласыз. Десе де өзіңіз бұл әдістің құрбаны болып қалмаңыз.

«Айна» әсерін пайдалану арқылы бизнесте көп табысқа жетуге болатынын тәжірибеміз көрсетіп отыр. Айна әсері дегеніміз – бірінші адамның екіншісінің ым-ишарасын, сөйлеу мәнерін, қимыл-қозғалысын қайталауы. Бейсана деңгейінде қарсы алдыңыздағы адамның қимыл-қозғалысын қайталау арқылы оның ойымен толықтай келісетініңізді дәлелдейсіз. Осылайша сіз қарсы алдыңызда отырған объектінің қызығушылықтары мен талғамын, ойға алған мақсатын біліп алып, артынша соның барлығын бойыңызға сіңіресіз. Осы орайда, адамдардың өзіне ұқсайтын адамдарға жақындай түсетінін ұмытпауымыз керек. Бұл қағида ғашықтар арасында да жүреді. Сүйіктіңізбен ұқсастықтарыңызды талдап көріңізші. Екеуіңіз де бір ғана айырмашылық бар. Ол – жыныстарыңыз.

Ым-ишараларды қайталау оңай жұмыс емес. Сізден жоғары деңгейдегі байқағыштық қажет болады. Уақыт өте келе сіз өзіңіз ұқсағыңыз келген адамның қимыл-қозғалыстарын, қандай шешім қабылдайтынын алдын ала біліп отырасыз. Кейде, керісінше, ол сіздің қимыл-қозғалыстарыңызды қайталай бастауы мүмкін. Осыдан кейін оны толықтай уысыма түсірдім деп ойлай берсеңіз болады.

Өзге бір адамның айнасына айналу

Алайда бұл үшін адаммен тығыз қарым-қатынас орнатуыңызға тура келеді. Ал бұл көптің қолынан келе бермейді. Мысалы, сіздің қарсы алдыңыздағы адам өзінің эмоцияларын барынша жасырып отыр делік. Десе де оның байқаусызда белгілі бір қимыл жасайтыны сөзсіз. Анықтап қарасаңыз, оларды байқауыңызға болады. Мұнымен қатар, ол отырысын өзгертеді. Сол кезде де оның әрекетін қайталауыңызға болады.

Ым-ишараларды дұрыс қайталау үшін олардың мағынасын түсініп алуыңыз қажет. Осы тұста объектінің «сақтану», «қарсылық», «сенімсіздік» сынды ишараларын қайталауға болмайтынын біліңіз. Өйткені сіздің басты мақсатыңыз – оны өзіңізге қарсы қою емес, оны бағындыру.

Айна әсерін дұшпандарыңызбен күресте пайдалануға болады. Мысалы, дұшпаныңыздың әрбір қимылын қайталайтын болсаңыз, ол әбден шатасып қалады. Осылайша сіз олардың құндылықтарын бағалайтыныңызды түсіндіріп, бетперделерін шешуге мәжбүрлейсіз.

Біз айнаның алдында тұрған кезде одан тек өзіміздің бейнемізді байқаймыз. Анықтап қараған сайын жұрттың бізге теліп жүрген бейнесін көреміз. Айна әсері – айналамыздағы адамдардың әрекетін біз арқылы қайталау. Көбінесе бұл әрекетіміз олардың шамына тие бастайды. Бірақ кейде керісінше әсер беруі де мүмкін. Олар сізді өзінің арман-тілегін орындап жатқандай көреді. Мұнымен қатар, аталған айна әсерін пайдалану арқылы өзіңіздің түпкі ойыңызды жасыра алатыныңызды да біліңіз.

Бір адам сізге «ащы кәмпит» ұсынды делік. Араға уақыт салып осы «кәмпитті» оның өзіне беріңіз. Жылап, күйзеліске түсудің орнына «қарымтасын» қайтарыңыз. Сол кезде ғана ол өзін сіздің орныңызға қойып, әлгі «кәмпиттің» қаншалықты ащы болғанын түсінеді. Айна бір қараған кезде шындықты көрсететіндей болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, ол қоғам ойының жиынтығын көрсетеді. Сол себепті айнадағы көрініске көп сене бермеңіз.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 3030
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167