ЕЛІМІЗГЕ 5 ЖЫЛДА 100 МЫҢ ҚЫТАЙ КӨШІП КЕЛГЕННЕН САУ МА?
ЕЛІМІЗГЕ 5 ЖЫЛДА 100 МЫҢ ҚЫТАЙ КӨШІП КЕЛГЕННЕН САУ МА?

2016 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға 17 мың 23 адам көшіп келді, оның 10 мың 620-сы - этникалық қазақтар, - деп хабарлады Азаттықтың сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Cонда осы жарты жылдықтағы 7 мыңға жуық азаматтың ұлты қандай? Жерді игеруге кеп жатқан Құдайы көршілеріміз емес пе?

Былтыр 25 мың 197 адамға Қазақстанда тұрақты тұру рұқсаты берілген, оның 9 мың 951-і ғана оралман екен. Сонда қалған 16 мыңға жуығы қандай ұлт өкілі? Тағы да белгісіз. Оны министрлік өкілдері тәптіштеп түсіндіріп жатпапты.

Енді соңғы бес жылдықтағы деректерге көз жіберейік. 2010-2015 жылдар аралығында 212 мың 600 шетелдікке Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат берілген, оның 114 мың 900-і - оралман. Осы бес жылдағы көрсеткішке қарасаңыз тағы да жүз мың ұлты белгісіз көшіп келушілердің құлағы қалқияды.

Қош! Сонда жылына он мыңға жуық белгісіз ұлт өкілдерін қабылдай берсек, болашағымыз қандай болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 2420
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир