Осы бірнеше күннен бері дау болып жатқан мәселені Мұхтар ШЕРІМ мысқылдап жазған екен. Былай жаман емес. Расында солай ғой.
Қалай кіріп кеткенімді білмеймін... Перашкі же–еп отырғанмын, бір жігіт келіп жымиды, жылтырады, жымысқыланды, қойшы не керек, сол жігітпен бірге намаз оқып жүріп, төсегіне құлай кетіппін.. Кейін білдім ғой, радикалды ислам ағымына түскен жігітке күйеуге шығыппын. Өзім де осы ағымға ағып барып, басыммен күмп ете сүңгіп кетіппін. Бір күні намаз оқып болғанымда, күйіп кеткір күйеуім:
– Әй, қатын, мен сенен жалықтым, талақ! – дегені. «Қатын» деген сөзді бірінші рет естуім, жаным кіріп қалды. «Ойнап айтып отырған шығар?» деп ойладым. «Қойшы, Намазбек, ойнамасай..» – деп құлағынан тартып ойнадым. Сөйтсем, шыны екен, досына ызбандады. Досы Тақиябек жетіп келді.
– Алдымен атың керек! – деді.
– Гүлмәриясәлиманұр – дедім Намазбек жамап берген есімдерімді әрең айтып.
– Ия, маған қатын керек! –деді ол. Амал жоқ, қатын болдым. Күйеуімнің досына. «Өлә, өстіп жүріп жәлеп болып кетпесем жарар еді..» деп екінші күйеуіме айтып едім, «Некеміз қиылды ма? Қиылды. Демек, сен халал жезөкшесің!» дегені... Жаман ұялып кеттім тегі... Әсіресе, «жезөкше» дегеніне.. Тым болмаса, «темір өкше» десе де болады ғой, алтын өкше демей–ақ қойсын... Бір күні Тақиябек:
– Ыржима! – деді. Ыржимадым.
– Қылжима! – деді. Қылжимадым.
– Бетіңді қасыма!
– Қасымайын...
– Сен менің қатынымсың!
– Ия, қатыныңмын, отағасы.
– Әйел емессің деймін, қатынсың!
– Ойбай, қатынмын, қатынмын!
– Ойбайламай, көңілді айт!
– Ха–ха–ха! Мен қатынмын! Рахат қатынмын! Халал қатынмын!
– Талақ, талақ, талақ!
Осы сөзден жүдә жаман қорқамын.
– Ойбай, тағы не болып қалды? –деп сұрадым мен.
– Қылығың жоқ екен...
– Кірпігімді қағып жіберіп, жымсиып отырмын ғой? Одан басқа қандай қылық керек?
– Төсекте түшкіре береді екенсің...
– Өзің ғой, қасымда насыбай атып жатасың...
Өлә, өстіп жүріп жәлеп болып кетпесем жарар еді... Ол мені Сақалбай деген досына табыстады. Соның қатыны болдым... Ол бір жыл өтпей жатып Шолақбай Дамбалов деген досына талақтады. «Қойшы, күйеуге тие беруден жалығып кеттім!» десем де, тыңдамады. Екі жасар ұлымның кімнен екенін де білмеймін. «Общий бала» деп қоямын ішімнен... Шолақбай да шарт кетті:
– Досым қатын іздеп жүр еді...
– Бармаймын...
– Барасың! Оның планшеті бар...
– Бармаймын...
– Барасың, жүз ешкісі бар...
– Талақ, талақ, талақ!
Амал жоқ... Соның қатыны болдым... Атын да білмеймін. Атының керегі де жоқ... Қойшы не керек, бес жыл ішінде тоғыз күйеуге тиіппін... Өлә–ә, енді кімнің қатыны болады екенмін–ей?
Бар болса мен басқа әлемде өмір сүріп жатыр екенмін.
Әрине сынақты беретін Алла, Алла бірақ сынақты сабақ алсын деп береді күнә үстіне күнә жамасын деп емес. Бір еркектен соң қашып кетпей, тәубеге келмей ары қарай күнаға бату дегенге сөзім жоқ.
Әйел басымен мұндай арсыздыққа, тағы да шариғатты жамылып баруды менің миым қабылдай алмайды.
Алладан тура жолдан тайдырмасын деп тілейік.
Әйел бұзылды дегенше қоғам бұзылды деңіз. Қызға қырық үйден тиым.