Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтар
Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтар

Дерек көзі: baribar.kz

Авторы:  Таңшолпан Бегалықызы

Қазақ халқының, шын мәнінде, қандай тіршілік кешкенін ескі фотолардан анық білуге болады. Сол үшін Антропология және этнография мұражайы коллекцияларының электрон базасының (кунсткамера) көпшілікке арналған бөлігін ақтардық. Ресурстағы этнографиялық және археологиялық коллекция жинаушылар түсірген фотоларды іріктеп, оқырманға ұсынып отырмыз.

Күнделікті тіршілік

Күмісші

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото сол кездегі Семей облысы, Ақкелін шатқалында түсірілген.

Әйелдер мен балалардың фотосы

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото сол кездегі Семей өңіріндегі Саумалкөл өзені маңында түсірілген.

Арқан иіру

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Солтүстік-Шығыс Қазақстан облысында түсірілген.

Боза қайнату

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Сурет Жетісуда түсірілген. Әйел боза қайтанып отыр. Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те атайды. Жас боза құрамында 4-6%, ал қорланған бозада 12-15% спирт болады. Бозаның уытсыз, жай ашытқымен жасалған түрін мақсым боза дейді.

Жүн сабау

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей өңірінде түсірілген. Әйелдер, көбіне әжелер малдың жүнін екі ағашпен кезек-кезек сабайды. Жүн бір-бірінен ажырап, әбден икемге келгенше сабай береді. Соңында жұмсарған жүннен жіп иіріп, одан түрлі киім тігіп, алаша, қалта тоқиды.

Сабын қайнатқан әйелдер

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Кір жуу

Ескі сурет

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Дуана

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Үй-жайы, отбасы жоқ, дүниеден баз кешкен, қысы-жазы ел кезіп жүретін адам болған. Оны қазақта дуана деп айтады. Дуана баспананы уайым қылмаған, әйтеуір, кеш батпай бір ауылдың іргесіне ілініп алса болғаны. Құдайы қонақ, көріпкел деп кез келген үй есік ашады. Дуаналар шамандықтың, сопылықтың негізгі қағидаттарын қатар ұстанған. Бақсылықты ұстанушылар азайып, Ислам діні дендеп ене бастағанда пайда болған.

Бесік тербеткен әйел

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Әйел бесікті таза ауаға шығарып, баласын бөлеп отыр. Бесікке бөленген баланың аяқ-қолы түзу өседі, әрі тербеткенде ұйықтап қалады деген пікір бар. Жастығының астына қыз болса, айна-тарақ, ұл болса, қамшы қою салты бар. Шошып қалмасын деп пышақ та қойған. Үйдегі қымбат, құнды дүниені де бесіктің астына салатын жағдай да кездескен.

Шаш алу

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Киіз басу

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Бір үй киіз басар болса, көрші әйелдің бәрі көмектесуге барған. Бір ауылдың үйлері осылай кезек-кезек киіз басып шығады. Әуелі жүнді түтіп, бояу суға қайнатып алады. Түрлі түстегі жүнді кептіріп алған соң, одан киіздің пішінін жасайды. Ыстық су құйып отырып, домалатып қайта-қайта білекпен илейді. Бір домалатып алған соң киізге сол тұрған күйінде ыстық су құйып шығады. Ыстық сумен домалату киіздің жүні бір-бірімен жабысуы үшін керек. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қой қырқуда басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.

Қой сауу

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Тамақ пісіру

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Махова Елена коллекциясынан

Даладағы жерошаққа тамақ пісіріп, самаурынға шай қайнатып отырған әйел. Фото 1950 жылы түсірілген.

Нан пісіріп отырған әйел

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Махова Елена коллекциясынан

Фото 1950 жылы Жамбыл облысында түсірілген. Әйел ашыған қамырдан жұқа нан жасап, артындағы пешке бірнешеуін бір-ақ пісіріп алады.

Анасы мен қызы

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Фото Павлодар облысында түсірілген.

Құрт жасау


Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Жерошаққа құрт қайнатылады. Ол үшін сүтті пісіріп, ұйытады. Ол қою айран болған соң үстіне су қосып, күбімен піседі. Күбінің бетіне сары май шыққан соң, оны алып, тұз қосып, араластырады. Күбідегі айран “піскен айран” деп аталады. Сұйық болады. Оны қазанға құйып, қайнатады. Бетіне іркілдеп қоюы шыққанда, мата қалтаға құйып алып, суы ағып, құрғауы үшін бір күндей іліп қояды. Сосын тұз қосып, құрт жасайды. Құрт жақсы қайнатылса, домалақ етіп пішін шығаруға болады. Қайнауы аз құрт бірікпейді, оны қолмен мыжып, сосын жайып қояды.

Көң жасау

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Фото Павлодар облысында түсірілген. Көңді малдың тезегіне су қосып жасайды. Әдетте, қорада әбден қатпарланған тезекті ойып алады. Сосын шетінен су қосып, жібітеді. Күнге екі бетін кезек-кезек аударып, кептіреді. Көңді отын ретінде нан, тамақ пісіруге пайдаланады. Әсіресе, ет асқанда бірқалыпты маздап жанып, тамақ жақсы пісуі үшін ошақтың астына көң қалап қояды.

Қысқа жиналған көң

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Вайшле Михаил Сильвестрович коллекциясынан алынған бұл фото да Павлодар облысында түсірілген. Жазда көң жасап, қыстық отынға осылай жинап қоятын болған.

Тезек жинап жүрген әйелдер

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Малдың тезегін от жағуға пайдаланғанын айттық. Қазір де ауылды жерлерде тезек жиналады. Қолдан жасалмайған бұл тезекті жаңбыр жаумай тұрып жинап алған дұрыс. Ол құрғақ болады, көңге қарағанда тез жанып кетеді. Етті бір рет қатты қайнатуға осы тезекті, ал артынан баяу қайнатуға көң жақсы.

Дін мен намаз

Қолын сүртіп тұрған ер адам

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Суреттегі ер адам намаз алдында ғұсыл дәрет алып, қолын сүртіп тұр.

Намаз оқу

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Далада шапандарын жайнамаз етіп төсеп, жамағат болып намаз оқып жатқан қазақтар.

Дәуіт ата қорымындағы мазар

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы

Фото 1946 жылы Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық облысында түсірілген.

Керегемен жабылған зират

Фото: Collection.kunstkamera.ru

Фото 1948 жылы Өбекстанның Қарақалпақ автономиялық облысында түсірілген. Зираттың үсті кәдімгі қадамен емес, киіз үйдің керегесімен жабылған. Бұлай ету зират басына қазан, бесік қалдырып кету сияқты қазақтың бір ырымы болса керек.

Қой сояр алдындағы құран

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Ислам діні бойынша құран оқылып, “Бісміллә” деп сойылған мал ғана адал. Сондықтан мал соярда әуелі үлкендердің батасы алынып, сүре оқылады.

Киіз үй іші

Киіз үй жанында тұрған балалар

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киіз үйдегі қонақтар

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киіз үйдегі қонақтардың фотосы сол кездегі Семей облысының Баянауыл ауылында түсірілген.

Қыста сақтау үшін жиналған киіз үй

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Вайшле Михаил Сильвестрович

Қара суық басталғанда қазақ қыстауға көшкен. Жайлаудағы киіз үйін жинап алып, қыстаудағы үйіне апарып қояды. Сурет Павлодар облысында түсірілген.

Киіз үй құру

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Суреттің қай облыста түсірілгені белгісіз. Тек “Орталық Азия, Қазақстан” деген анықтамасы бар.

Киіз үй ішіндегі сабақ

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Семей өңірінде түсірілген фото. Балалар киіз үйде сабақ оқып отыр.

Ұлттық киім киген қазақтар

Үйлену тойына арналған сырт киім мен сәукеле киген қыз 

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей маңында түсірілді. Сәукеле – ұзатылған қызға арналған аса қымбат баскиім. Оның бағасы өте қымбат болған. Оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды. Тіпті, кей деректе бір сәукелені бір үйір жылқы беріп жасататыны айтылады.

Ұзатылып жатқан қыз

Фото: Collection.kunstkamera.ru, де-Лазари Константин коллекциясынан

Үйлену тойы костюмы мен сәукеледегі қыз әйелдер арасында. Фото 1898 жылы Жетісу облысында түсірілген.

Тұрмысқа шыққан әйел мен тұрмыс құрмаған қыз

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей облысының, Саумалкөл ауылында түсірілген.

Ұлттық киім киген ер адамдар

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Ұлттық бас киім мен сырт киім киген қыздар

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киім ілгіш

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Мелков Александр Лаврентьевич

Фото 1929 жылы түсірілген.

Бай мен кедей

Атта отырған кедей қалыңдық

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото 1899 жылы Семей өңірінде түсірілген.

Жолаушы киіміндегі бай әйелдер

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семейдің Саумалкөл өзені маңында түсірілген.

Қазақ отбасының портреті

Фото: Collection.kunstkamera.ru, де-Лазари Константин коллекциясынан

Фото 1898 жылы Жетісу облысында түсірілген.

Кедей отбасы

Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Бақуатты қазақ отбасы

Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фотоны 1899 жылы сол кездегі Семей облысында Самуил Дудин түсірді.

(Басты фото “Етікші” деп сақталған – Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович)

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 года назад 2752
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167
Прямой эфир