Google-дың нейрожелісі адамның жүрек ауруларын анықтайды
Google-дың нейрожелісі адамның жүрек ауруларын анықтайды

Google-дың нейрожелісі көздің ішкі тор қабығы арқылы жүрек ауруларын анықтайды. Жасанды интеллект адамға инфаркт немесе басқа жүрек ауруларының қаупі бар-жоғын нақты анықтай алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Нейрожелі Google-дың арнайы алгоритмдерін пайдаланып көз қан тамырларының бейнесіне талдау жасай алады. Содан соң алынған нәтижені бағдарламаға енгізілген медициналық зерттеу мәліметтерімен салыстырады.

Сондай-ақ, ақпаратты жылдам алу үшін нейрондық желі пациенттің медицина жазбасындағы емделу және диагностика нәтижелерін пайдаланады. Қан тамырлары ауруларын болжау үшін бұрынғы аурулар, жаман әдеттер және жүрек-қан тамырлары ауруларын дамытуды жеделдететін басқа да факторлар туралы мәліметтермен салыстырады.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 лет назад 2718
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167