Италиялық әйгілі Gucci сән үйі 2018 жылдан бастап өз өнімдерінде аң терісін пайдаланудан толықтай бас тартпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Компанияның бас директоры Марко Биззарри Лондон сән колледжінде сөйлеген сөзінде 2018 көктем/жаз жиынтығында аң терісінен жасалған бұйымдар болмайтынын айтты.
Ол мұндай шешімді «Экологиялық таза өнімді компания бизнесінің ажырағысыз бөлігіне айналдыру» деп атап өтті.
Ал аяқ киім мен киімдерді дайындау кезінде пайдаланылмаған аң терісі қайырымдылық аукционына қойылады. Жиналған қаражат жануарларды қорғау ұйымына берілмек.