Иттің сөз ұғатынын ғалымдар дәлелдеп шықты
Иттің сөз ұғатынын ғалымдар дәлелдеп шықты

Ғалымдар иттердің иелері қолданған сөздерді айыра алатынын дәлелдеді. Science журналында жарияланған мақалада Мажарыстанда Eötvös Lorand университетінің ғалымдары 13 иттің миын MR арқылы зерттеген. Зерттеу барысында иттерге иелерінің айтқан мақтау сөздері жағымды тонмен тыңдатылған. Нәтижесінде иттердің миында бұл сөздер марапат ретінде қабылданған.

Кейін дәл сондай жағымды тонмен, бірақ бұл жолы басқа сөздер айтылған. Алайда, бұған иттің миында алдыңғыдай құбылыс байқалмаған. Соңында иттердің иелері қолданған сөздерді дауыс ырғағына, тонына қарамастан ажырата алатындықтарына көздері жеткен. Зерттеу жұмысында иттердің де адам секілді сөздерді түйсіну үшін мидың сол жақ жартысының, ал дауыстарды түйсіну үшін оң жақ жартысының жұмыс істейтіні де анықталған. Сонымен қатар, мақалада иттің бір затқа жұмсап, алып келуі үшін айтылған 1000-ға жуық сөздерді ажырата алу қабілетіне ие екені де айтылған.

Матч кезінде алаңға жүгіріп шыққан ит футболшыны қуа жөнелді (видео)

Иесіз қара ит Бразилия чемпионаты аясында өтіп жатқан «Бразил де Пелотас» пен «Гояс» командалары арасындағы маңызды матчты үзе жаздады. Ойынның қызған тұсында ит алаңға жүгіріп шығып, футболшылардың бірін қуа жөнелді, деп хабарлайды tvzvezda.ru. Оқиға куәгерлері ғаламтор желісіне салған видеода иттің 26 жастағы Жуниньоның соңынан қалай қуғаны көрініп тұр. Шабуылға ит тек қана осы ойыншыны таңдап алды - басқа футболшылар итті қызықтырмады. Бұл келеңсіз жағдай бірнеше минутқа созылды. 

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 3245
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167