Кәсіпкерлерге қысым көрсетіп келген 215-ші бап алынып тасталды
Кәсіпкерлерге қысым көрсетіп келген 215-ші бап алынып тасталды

Мәжіліс ҚР Қылмыстың кодексінен 215-бапты алып тастауды мақұлдады, деп хабарлайды Атамекен кәсіпкерлер палатасы. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қылмыстық кодекстен 215-бапты алып тастау туралы ұсынысын мақұлдап, аталған бапты алып тастады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабын қолдану (жалған кәсіпкерлік) бизнеске айтарлықтай қысым көрсетіп келді. Жалған кәсіпкерлер айыппұл төлеп құтылып келді, ал оның көптеген контрагенттері қосымша салық, айыппұл мен өсімақы төлеуге мәжбүр болып келді», ­– деді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Адал кәсіпкерлер құқықтарын қорғауда заңнамада қарастырылған құқықтық құралдарды қолдана отырып, өз келісімдерінің шынайылығын дәлелдеуге мүмкіндік алады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы нұрлан Нығматуллин атап өткендей, заң жобасына экономикалық құқық бұзушылық үшін жазалауды ізгілендіруге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік салада бірінші рет құқық бұзған тұлға келтірген залалын өз еркімен өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапқа тартылу алынып тасталады.

«Осылайша, біздің шешіміміз Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдау, оның дамуы мен өсуіне жағдай жасау туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған», – деді Нұрлан Нығматуллин.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
7 лет назад 2894
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167