Бұл видео соңғы уақыттағы ең көңілді бейнежазбалардың бірі шығар. Нью-Йорктегі музыкалық сыныптардың бірінде бір топ баламен баламен бірге отырған кішкентай балақай күлкіге әбден қарық болған.
Видеоны YouTube порталына 14 шілде күні оның мұғалімі жүктеген. Сол сәттен бері жазбаны 2,3 миллион адам тамашалапты.
Ол жерде ұстазы гитарада ойнап жатады. Ойнауды күшейткен сәтте кішкентай бала еркінен тыс күле жөнеледі. Темпті жылдамдататын кезде мұғалім Сара Шонфелд кішкентайлардан “Дайынсыңдар ма? Тез ойнағанды қалайсыңдар ма?” деп сұрайды. Көк шолақ шалбар киген кішкентай күлегеш те “иә” деп жауап береді.