Кітапты үш есе тез оқуды 20 минутта қалай меңгереміз?
Кітапты үш есе тез оқуды 20 минутта қалай меңгереміз?

Мәтіндерді тез оқу уақытты барынша үнемдейді. Ойлаңызшы, Сіз барлық әдебиеттерді - техникалық, кәсіби немесе көркем әдебиеттерді үш есе тез оқи аласыз. Ең бастысы, басқа қабілеттерге қарағанда тез оқуды бар болғаны 20 минутта меңгеріп алуға болады. Ресейлік журналист Ия Зоринаның жаттығуларынан кейін сіз өзгерісті бірден байқайтын боласыз.

Тез оқу техникасын меңгермес бұрын, адам көз жанарының қандай қағидалар бойынша жұмыс істейтінін түсіну қажет. Не нәрсеге уақытын бекерге жұмсайды және оны қалай доғаруға болады?

Сізге қажет:

1. Бет саны 200-ден кем емес кітап;
2. Қалам немесе қарындаш;
3. Таймер.

Кітап оңай ашылып тұратындай болуы керек (кітап беттерін өздігінен жабылып қалмайтындай икемге келтіріңіз).

Жаттығу үшін 20 минуттан кем емес уақытыңызды жұмсауыңыз керек. Осы мерзім аралығында сізді ешкім мазаламайтындай жағдай жасап алыңыз.

Мәтінді оқу кезінде кідірісті азайтыңыз

Біз көп жағдайда оқып отырып, әр сөзге кідіріс жасаймыз. Егер көзіңізді мәтін жолдарымен тез жүгіртіп отыратын болсаңыз, уақытыңызды әлдеқайда көп мөлшерде үнемдейсіз.

Көздің мәтінді оқу барысындағы кідірісі 1/4-тен 1/2 секундқа дейін созылады.

Мұны байқау үшін дәл қазір бір көзіңізді қолыңызбен жауып, осы мәтінді оқып көріңіз. Көзіңізді жүгіртпей оқысаңыз, кідірісті көп жасайтыныңыз байқалады.

Кідірістерді сезіндіңіз бе?

Тоқтамай оқу үшін бір мынадай сызық бойымен жүріп өткендей оқыңыз.Линия, сызық

Қайтара оқымауға тырысыңыз

Орташа жылдамдықта оқитын адамдар ескермей өткен тұстарға оралып, түсінбеген сөздерді қайта оқып жатады. Мұны адам саналы түрде немесе байқамай орындауы мүмкін. Кейде сананың өзі мұқияттылық азайған орынға автоматты түрде кері қайтып отырады.

Оқығаныңызды бірден ойға түйіп алуды меңгеріңіз

Көп адамдар орталық фокусқа мән береді. Негізінде түсініп алу да горизонтальді орындалу керек. Бұлай болмаған жағдайда ми аз сөздерді ғана ойға сақтай алады.

Қабілеттерді жеке-жеке меңгеріңіз

Жаттығулар әр түрлі. Оларды қабыстырудың қажеті жоқ. Мысалы, егер жылдамдықпен жұмыс істегіңіз келсе, онда мәтінді түсінуге баса назар аудармаңыз. Сіз тізбекпен үш сатыдан өтесіз: техниканы меңгеру, оны қолдану және түсініп оқу.

Басты ереже: қалаған жылдамдығыңыздан үш есе артық нәтижемен жаттығыңыз. Мысалы, сіз бір минутта 150 сөз оқисыз, бірақ 300 сөз оқығыңыз келеді. Демек, сізге минутына 900 сөз оқып жаттығу керек.

1-қадам: Бастапқы жылдамдықты анықтау

Бұл кезеңде сізге жаттығуға таңдап алған мәтіндегі сөздер санын білу керек. Санап отыру уақытты алатындықтан, мөлшермен есептеуді үйренеміз.

Алдымен мәтіндегі бес жолда қанша сөз бар екенін санап, шыққан нәтижені 5-ке бөлеміз. Мысалы, менің санауым бойынша бес жолда 40 сөз бар. Оны 5-ке бөлдім. Нәтижесінде бір жолда шамамен 8 сөз бар деген қорытындыға келдім.

Осыдан кейін бес бетте қанша жол бар екендігін санаймыз. Шыққан санды тағы 5-ке бөлеміз. Менде 194 жол шықты, 5-ке бөліп, оны дөңгелектегенде бір бетте 39 жол бар деп есептедім.

Соңынан бір бетте қанша сөз бар екенін анықтаймыз. Менің кітабымда бір бетте 312 сөз бар: 39 ⋅ 8 = 312.

Ал енді сіздің оқу жылдамдығыңызды анықтайтын сәт келді. Таймерді 1 минутқа қосып, табиғи жылдамдығыңызбен мәтінді оқып шығыңыз.

Қанша шықты? Менде 328 сөз, бір беттен сәл асты.

2-қадам. Нысана және жылдамдық

Жоғарыда атап өткенімдей, оқылған мәтінге қайта оралу мен кідіріспен оқу уақытыңыздың көп бөлігін алады. Дегенмен, мұны зейініңізді бақылау арқылы түзетуге болады.

Қажетті құралдар ретінде қалам, қарындаш немесе саусағыңызды пайдаланып, оларды сөздер астымен жүргізіп отырыңыз. Сөздерді санау кезінде де осы құралдың бірін пайдаланған боларсыз?

1. Техника (2 минут)

Фокусты жоғалтпас үшін қарындаш немесе қаламмен сөздер үстімен жүріп отырып жаттығыңыз. Көзіңізді қарындаш астындағы сөздерден алмаңыз, тоқтамай оқуға тырысыңыз. Мәтінді түсінбей қаламын деп уайымдамаңыз. Сіздің дәл қазіргі уақыттағы басты мақсатыңыз – түсіну емес, жылдам оқу қабілетін меңгеру.

Әр жолды 1 секундта жүріп өтуге тырысыңыз және бұл темпті әр бет сайын үдете түсіңіз.

Кітап, қаламОсындай техника арқылы мен 1 минутта 460 сөз оқыдым. Бір қызығы, қарындашпен жүргізіп отырып оқыған кезде жылдам оқитын тәріздісіз. Ал оны алып тастасаңыз, назарды, зейінді жоғалтып алғандай боласыз.

2. Жылдамдық (3 минут)

Бір жолды  1,5 секундтан артық жүріп өтпеңіз (“он бір” деген сөзді айтып болғанша, екі жолды оқып тастайтындай жаттығыңыз).

Тағы да қайталап айтайын: Сіз мұндай жылдамдықпен ештеңе түсінбейсіз, бірақ ол маңызды емес. Қазіргі уақытта сіз жүйеге бейімделіп жатырсыз. 3 минут бойы осылай жаттығуға тырысыңыз.

Осындай жылдамдықпен желдей жүйткіп, мен 5 бет және 14 жол оқып шықтым. Орташа есеппен бір минутта 586 сөз оқыдым.

3-қадам: Қабылдау аймағын кеңейтеміз

Сіз қазір монитордың ортасына қарап тұрсыз, дегенмен оның жан-жағындағыларды да көріп тұрсыз. Мәтінге қарағанда да дәл сондай: бір сөзді көріп тұрғаныңызбен, қасындағы сөздерді де көре аласыз.

Перифериялық көру қабілетін арттырсаңыз, оқу жылдамдығын да үдетуге болады. Қабылдау аймағын кеңейту 300%-ға дейін жылдамдығыңызды арттыруға мүмкіндік береді.

Фокус, мәтін

Әдбен жаттыққан оқушы “аймақтарды” оқымайды. Ол көзімен бірнеше сөздерді жүріп өтеді. Ал қалғандарын перифериялық қабілетімен оқиды. Төмендегі картинаның ортасына мән беріңіз, қалғандарын көзіңізбен жүріп өтіңіз. Жылдам оқыңыз:

Мектепте оқушылар төрт сағат бойы есеп шығарды.

Егер бірінші “оқушылар” деген сөзден бастап, екінші “есеп шығарды” дегенді оқысаңыз, негізгі мағынаны түсінесіз. Төрт сөзді оқуға уақыт жоғалтпайсыз. Оларды көз жүгірту арқылы зейініңіз қағып алады.

4-қадам. Жаңа жылдамдығыңызды тексеріп көріңіз

Ал енді жаңа жылдамдығыңызды тексеріп көріңіз. Таймерді 1 минутқа қойып, барынша жылдам әрі түсініп оқуға  тырысыңыз. Мен бір минутта 720 сөз оқыдым – жылдамдығым екі есеге артты.

Жаттығуларды орындасаңыз, сөздерді тез қамтып оқуды үйренгендігіңізді байқайсыз. Бос орындарға, қайтара оқуға босқа уақыт жоғалтпайсыз. Бұл – өте керемет көрсеткіш.

Егер осы тәсілдерді орындаған болсаңыз, жетістігіңізбен бөлісіңіз. “Пікірге” минутына бұрын қанша оқитын едіңіз және қазір қандай жылдамдықты бағындырғандығыңызды жазсаңыз болады. Сәттілік! 

Ақжарқын Қыдырханова, "Сұрақ-жауап" сайты

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 3745
1 комментарий
  • Қызық кітап болса онсыз да тез оқимын, қызық емес болса өзімді зорықтырып оқи алмаймын.
    8 лет назад
О блоге
0
660889 248 437 2368 167