Куаныш Едилханов& Ресейде орналасқан REvil тобына қарсы операция сәтті жүзеге асырылды
Куаныш Едилханов& Ресейде орналасқан REvil тобына қарсы операция сәтті жүзеге асырылды
Байден әкімшілігі мен оның еуроатлантикалық одақтастары Ресейде орналасқан REvil тобына ауқымды кек алу операциясын жүргізіп, хакерлік топтың тас-талқанын шығарған. Бұл топ дүние жүзі бойынша хакерлік шабуылдармен айналысып содан $200 млн пайда тапқан. Яғни, мекеме, кәсіпорындар мен ұйымдардың компьютерлерін бұғаттап тастайды да, соны разблокировка жасағаны үшін ақша алып келген. Бірлескен операцияны 17 мемлекет бір мезетте жүзеге асырған, оның құрамында Еуропол, Еуроньюс, Интерпол да бар. Бірақ бірде-бір ТМД мемлекеттері қатыстырылмаған. Шамасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты болған және оларға сенбейді де, өйткені REvil үнемі хакерлік шабуыл үшін Батыс елдерін таңдаған, бірде-бір рет ТМД аумағындағы елдерге шабуыл жасамаған. Олар құпия операцияны қазан айында бастап, барлық хакерлердің өзара сөйлескендерін тыңдап отырған. Соққы берілгеннен кейін REvil-дің үні өшкен және онымен сыбайлас Блекмет тобы да ғаламтор жүйесінен кеткен.
Кейін әлем бойынша бұл бандылар тобының 7 мүшесі ұсталып тұтқындалған: Румыния, Польша, Оңт.Корея мен Кувейтте. Бұл бойынша Байден былай депті: "Мен шілдеде кездескенде хакерлеріңе тыйым сал деп Путинге ескерткенмін. Бүгінгі оқиға сол ескертпенің қорытындысы".
Бұны АҚШ-та Әділет министрлігі айып тағып отырған Украина азаматы Ярослав Васильскийге және оның сыбайласы, Ресейде, Барнаулда тығылып жатқан Евгений Полянинге қатысты түсініктеме деуге де болады. Бұл екеуі вирусы бар программа жасап, оны алғаш рет 2019 жылы қолданған. Содан бері АҚШ-та 8 штаттағы 10 компанияға қарсы қолданған, кейін Васильскийдің өзі разблокировка үшін олардан $2,5 млн пайда тапқан. Васильский Польшада ұсталған. Ал Полянин $13 млн пайда тапқан. Қайда тығылып жатқаны белгілі, тізімі Путиннің қолына әкеліп берілген, тұтқындау сұралған, алайда ол бостандықта, әлі тұтқындалмапты, яғни РФ билігі оны қорғаштап отыр деген сөз, оған тіпті АҚШ-та ешкім де күмәнданбайды да екен.
Поляниннің ерекшелігі - ол жеке компанияларға шабуыл жасап ақша тапқанымен қатар мемлекеттік учреждениелерге де шабуыл жасаған. Екеуі де АҚШ-та жүздеген жылдар түрмеге жабылуы тиіс.
 
Материал из Википедии — свободной энциклопедии:
 
REvil (Ransomware Evil, также известна как Sodinokibi) — организованная группа (банда) киберпреступников, предоставляющая услуги программ-вымогателей (ransomware)[1][a]. В случае отказа от выплаты выкупаREvil публикует конфиденциальную информацию жертвы на своей странице Happy Blog.
Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
3 года назад 1556
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167