МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР...
МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР...

Талдықорғандық малшылар етті-жүнді мал алу үшін қойларды қалай будандастыру керектігін ақылдасты.

Қозының салмағын арттыру мәселесі кез-келген шаруашылықта маңызды. Қой өсірушілер ертеректе қолданылған әдістерді жақсы білсе керек.  

Алайда ғалымдардың айтуынша, ғылым ілгерілеп кеткендіктен, фермерлердің кейбір әдістері ескірген. «Жетісу асыл тұқым» ӘКК өндірістік орталығында өткен семинарда Қадыржан Хамзин, Қайырлы Омашев, Нұрлан Ахмедсадықов сынды сарапшылар  осы және өзге де мәселелерді сөз етті. 

Олардың айтуынша, қой еті өндірісін арттырудың ең басты тәсілі – қой шаруашылығына өнеркәсіптік будандастыру әдісін енгізу.  

Сұрыптар дұрыс сәйкестендірілсе, өнеркәсіптік будандастыру етті малдың өсуіне әсер етеді, өсім қуаты жоғары болады, жемді жақсы өтейді.  Будандастыруға таңдалған қойлар етті-жүнді, тез жетілетін әрі сүтті, төліне оң қасиеттерін жақсы бере алатын болулары қажет. 

Болашағы бар әрі кең таралған аталық тұқымдар: линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, тяньшандық, суффольк, гемпшир, сутдаун, тексель, шығыс-фриздік, клан-фрест, финдік ландрас, ромсановская,  полипей, Кембридж, колбрез, дорсетхорн, Еділбай, Сарыарқа қойы, қазақтың етті-жүнді қойы, дегерес қойы. 

Мәселен, «линкольн» тұқымдас қойы бағып-қағу мен жемдеу жағынан талғампаз келеді.  

Жүніне бола, будандастыруда оған теңесетіні жоқ, дейді сарапшылар. Оларды өнеркәсіптік будандастыру үшін тұқым алуда кеңінен қолданады.  

Ол қойлардың таза салмағы 110-120 келі, тұқым бергіштігі 120-140%. «Ромни-марш» тұқымы тез жетілетіндігімен, еттілігімен ерекшеленеді. Олар өкпе және тұяқ ауруларымен көп ауырмайды. 

Аналық тұқымдар, өз кезегінде, өсімтал, сүтті, тез жетілетін, жергілікті климат пен жем-шөпке бейімделгіш болулары қажет. 

Сондай-ақ, сарапшылар шаруашылықта қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын ұстауға кеңес береді.  Бұл қойдың кең таралған түрі, 7 миллиондай.  

«Оларды елдің барлық дерлік өңірлерінде өсіреді. Бұл жануарлар жыл он екі ай жайылымдық бағуға жақсы бейімделген, қатаң климатты жақсы көтереді. Оларды үш тұқымдық өнеркәсіптік будандастыруға, алғашқы төлдің буданын алудың бірінші кезеңінде кеңінен қолдануға болады. Жануардың салмағы 90-95 келіге жетеді», – дейді сарапшы Қ.Хамзин. 

Қойлардың тағы бір кең таралған түрі – Еділбай қойы. Оның салмағы 110-120 келі. Тіршілікке қабілеттілігімен ерекшеленеді, жыл он екі ай жайылымда жүруге төзімді. Қозылары тез жетілгіш. 4 айлық кезіндегі таза салмағы – 38-40 келі, тұлыбының салмағы – 19-20 келі, соғымдық шығысы - 50-51%.  Сондықтан оларды өнеркәсіптік және күрделі будандастыруға кеңінен қолдануға болады. 

Abai.kz

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
8 лет назад 4260
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167