Сахаба Уқба ибн Амр (р.а.) қайтыс болар алдында балаларына мына өсиетті қалдырған екен:
– Балаларым, сендерге үш нәрсе айтайын, ешқашан ұмытпаңдар: Пайғамбарымыздың хадистерін сенімді адамдардан ғана алыңдар, жыртық-жамау кисеңдер де, қарызданбауға тырысыңдар. Мазмұны Құранға қайшы келетін өлең жазбаңдар!