«Мекенжай» сөзі қалай жазылады?
«Мекенжай» сөзі қалай жазылады?

«Мекенжай» сөзі қалай жазылады? Жазуда мекен-жай, мекен жай, мекенжай деген түрлі нұсқаларды кездестіреміз. Шын мәнінде қай нұсқа дұрыс? Бұл жайында stan.kz материалынан біле аласыздар.

Бүгінгі материалымызда осы сұрақтың жауабын білесіздер. Жазуда көңілге күдік ұялататын сөздердің барлығын соңғы шыққан орфографиялық сөздіктен қарап алғанымыз дұрыс. 

1963, 1978 жылдары «Ғылым» баспасынан шыққан Орфографиялық сөздіктерде мекен-жай деп берілсе, ал 1988, 2005, 2008 жылдардағы Орфографиялық сөздіктерде мекенжай деп берілген.

Сондай-ақ, 2005 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген Орфографиялық сөздікте мекенжай сөзін бірге жазылатын сөздердің қатарына жатқызған.  Себебі екінші сыңары аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сияқты қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады делінген.

Мысалы: Әуежай, саяжай, мекенжай. Демек, мекенжай қос сөз емес, біріккен сөз. Яғни, бірге жазғанымыз дұрыс.

Бөгенбай ЗИЯЛЫБөгенбай ЗИЯЛЫ
4 года назад 6693
0 комментариев
О блоге
0
660889 248 437 2368 167